Алматы қаласының әсем жерлері

Алматы қаласының әсем жерлері

Жаз маусымы - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысында тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Кей оқушылар ауылға ата-әжелеріне асығып жатса, енді бірі керісінше демалысын қалада өткізгісі келеді. Алматы қаласына қыдырып келген оқырмандарымызға кеңес айта кетуді жөн көріп отырмыз.

ҚР тұңғыш Президенті атындағы саябақ Алматы қаласы Бостандық ауданының Навои және әл-Фараби көшелер қиылысында орналасқан. Дендропактің жалпы аумағы 73 га құрайды. Оның құрылысы басталған 2001 жылдан бастап жоспарланған элементтер - аллея, бульварлар мен дендрарлық учаскелерінің құрылысы және дендрарлық жоспар бойынша жасыл желек отырғызу жұмысы жүргізілді. Саябақ аумағында 2001 жылы ҚР Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың өз қолымен отырғызған емен ағашы өсіп тұр.

2011 жылы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан» монументалды-сәулет компазициясының ашылу салтанаты болды. Ескерткіш қола, гранит және мәрмәр тастан бүркіт тәріздес құйылған. Ескерткіш ортасында Бірінші Президент бейнесі кескінделген. Ал бүркіттің қанатында Алматы және Астана қаласының символы орын алған. Ескерткіште еліміздің тарихи және сәулет өнерінің маңызды бейнелері көрсетілген. 

Көктөбе – Қазақстанның ең көрікті әрі таңғажайып орындарының бірі. Қаланың ең биік нүктесі – Көктөбе теңіз деңгейінен 1100 метр жоғары. Аспалы жолмен әуе трамвайы арқылы көтеріліп, Сіздер таулардың көрінісінен ләззат алу мүмкіндігіне ие боласыз. Биіктіктен таулар мен қаланың керемет көрінісі алақандағыдай көрінеді.

Әсіресе бұл жер түнде, қала әралуан түсті жарықтарға толған мезгілде, айрықша әсемдікке бөленеді. Көктөбе таулардан алған айрықша әсер таза ауа мен бостандықты сезіну ғана емес, сонымен қатар бұл достардың кездесетін, ғашықтардың серуендейтін, бала-шағамен қосылып, бірге қыдырып, демалатын жай ғана  уақытты жақсы өткізетін орын.

Көктөбе аумағында шағын зообақ, «Fast Coaster»  америкалық төбешіктері, жартасқа өрмелеу алаңы «Киіз үй» мейрамханасы, концерт залы және өзгеде нысандар орналасқан. Әдемі әткеншектері де балалар қуанышына айналған. Көктөбеге кешкі уақыттарда келсеңіз ерекше күйге енесіз.

Цирк өнері асқан ептілік пен күштілікке негізделген пантомималық ойын-сауықтар мен клоунның күлкілі әзіл-әжуаларын (клоунадаакробатикагимнастикашабандоздық және жонглерлік өнерэквилибристика, муз. эксцентрикаиллюзионизм, т.б.) қамтиды. Әдетте Цирк ойын-сауығы алуан түрлі трюктер мен эксцентрикаға негізделген нөмірлерден тұрады. Қаламыздағы Цирк құрылып, өз жұмысын бастаған. 

Қалалық жерлердегі көпшіліктің жұмыстан бос уақытта таза ауада тынығып, демалуына және көңіл көтеруіне арналған бақтар. Олар әдетте, қаланың көлді, бөгенді, көк майса көркем жерлерінде ұйымдастырылады. Солардың бірі Орталық демалыс саябағы Келущілер саны күн санап артуда.

Саябақ ішінде кафе, асхана, кинотеатр, ашық сахна, спорт алаңы, балалар алаңы, түрлі аттракциондар, компьютерленген қызықты ойын автоматтарының павильондары, би алаңдары, ашық эстрадалар, лекторийлер, т.б. мәдени-көпшілік орындар жұмыс істейді.  

Осындай ірі саябақтарда мерекелік серуендер, өнерпаздар байқауы, көрмелер, дәрістер, әңгіме-кеңестер, түрлі сипаттағы кездесулер, т.б. жүргізіледі. Мінекей бүгін өнерпаздарымыз келген қонақтарға көңіл-күй сыйлап ән шырқауда.

Жақсы көңіл-күйді тек әншілер ғана емес, мына аттар да сыйлайтын тәрізді. Олар әр күн сайын 50 шақты қонақты саябақ ішімен таныстырап шығады. 

Суды, қайықпен, катамаранмен жүзгенді ұнататын қыдырушыларға арналған шағын көлшік те бар. Бұл саябақ көптеген ғашықтардың басын қосқан және кездесетін киелі орны десе де болады. 

Республика алаңына барғаныңыз да жөн. Талай тарихтың тамыры жатқан бұл алаңға тағзым етпей өтпеңіз. 

Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан тәуелсіздік монументінің негізгі ортасында композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген.

Тағы бір тарихымыз Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. 1941 ж. 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші "негізгі шешуші шабуылды" бастаған "Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар" паркі қонақтарын зор ықыласпен қарсы алады.

Осындай терең тарихы бар жерлерді қыдырып жүрген балалардың болашағынан күтер үмітіміз көп. Сізге де келуге кеңес береміз.

Алматының қай жеріне барсаңыз да, қандай қызық көрсеңіз де осылай фотоаппаратқа түсіріп жүруді ұмытпаңыз. Сапарыңыз сәтті болсын!!!

Сурет:Massaget.kz