60 жылдық тарихы бар "Жетім бұрыштың" қазіргі күйі қандай?

Алматының жанымен бітеқайнасқан "Жетім бұрыш" - 60 жылдан аса уақыт үйсіз жүргендерге пана болып келе жатқан мекен. Ақын Мұқағали Мақатаев "Жетім бұрыш" деп атап кеткен бұл орын талай рет қудалауға түссе де, өз қызметін тоқтатқан жоқ. Бүгінде сандық технологиялар дамып, адамдардың өмір сүру салты өзгерсе де, "Жетім бұрыштың" әлі де бар екені таңғалдырады.

© Суретте: Атақты "Жетім бұрыш" дәл осы қиылыста

© Суретте: Мекенжайы Қонаев пен Мақатаев қиылысы

Бұрынғыдай маклерлердің жарнамалары қаптап тұрмаса да, Қонаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысындағы 4-5 маклер ай сайын пәтер саудасын жүргізіп отыр.

© Суретте: Топтасып отырған маклерлер

© Суретте: Мұнда маклерлер бастырма астында отыр

© Суретте: Маклер мен клиенттің сөйлесіп тұрған сәті

Десе де, бұрынғыдай көшеде бір-біріне жабысып, самсап тұрған жарнамалар көрінбейді, сауда-саттықтың өзі бұрынғыдай қызу емес. Электр шитінде және бірнеше шам бағанасында ғана ескі жарнамалардың ізі қалған.

© Суретте: Ағаштағы 5 бөлмелі пәтер жарнамасы

© Суретте: Ағаштағы пәтер жарнамасы

© Суретте: Электр щиттағы жарнамалар шоғыры

Екі сағат бойы бұл ауданда бақылау жүргізіп, маклерлерге тек екі адамның - студенттер мен жас отбасының жақындағанын көрдік. Сұхбат алуға тырысқанымызбен, олар "онсыз да оңай емес" деп, әңгімеден бас тартты. Маклерлер де сұхбат беруден қашқақтады, себебі олардың басым бөлігі салық төлемей жұмыс істейді.

© Суретте: Бұрынғы жабайы сауда орны, қазір мұнда ешкім сауда жасамайды

© Суретте: Маклермен сөйлесіп тұрған студенттер

Маклерлермен пәтер іздеуші ретінде сөйлесуге тура келді. Біз екі адамға арналған пәтер іздеуші кейпіне ендік. Нәтижесінде маклер Сейфуллин мен Мақатаев көшелерінің бойынан 120 мың теңгеге бір бөлмелі пәтер тауып берді. Десе де, осыдан 5-6 жыл бұрынғыдай өтінішіңе жібімей қоятын маклерлер байқалмайды. Пәтердің ақшасын "екі бөліп берем", "депозит төлей алмаймын" дегенге де келісіп отыр. Әдетте көрсеткені үшін 5 мың теңге сұрайтын маклер бұл жолы шайға 2 мың теңге қалдырсаң жеткілікті деді.

© Суретте: Айға пәтер беретін маклер

© Суретте: Көшенің жоғарғы бөлігіндегі пәтерді күндікке беретін маклер

Онлайн платформаларға қарамастан, "Жетім бұрыштың" әлі күнге дейін жұмыс істеуі - оның сенімділігі мен адалдығында. Мұнда келгендер арасында пәтер тапқандардың алданғаны жайлы сирек естисіз. Дегенмен "Жетім бұрышта" баяулап бара жатқан тіршілік айқын көрінеді. Бір кездері қайнап тұрған өмірдің тынысы сөнуге жақындағандай.

© Суретте: Алматы үйлері

© Суретте: Алматы үйлері



Бөлісу: