Қаланың қысқы бір күні

 Қаланың қысқы бір күні

Сақылдаған сары аязымен қала тұрғындарының есінде қалып қойған қаңтар айы биыл жылдағыдан ерекше жетті. Бұл қыстың қызықты сәттерін қалт жібермеуге тырысқан біз, қаланың бір күндік тіршілігін назарларыңызға ұсынбақпыз.

 Алатауды торлаған бұлтты қақ жарып, күн көтеріліп келе жатыр.

 Тау иығынан енді көтерілген күннің қаланы нұрға бөлей бастаған сәті.

Үстіне түскен салмақты көтере алмаған шыбықтар иіліп, жердегі жаңа жауған қарға сәлем беріп тұрғандай.

Түндегі жапалақтап жауған мамық қардан кейін айнала түгел, ақ көрпе жамылып алғандай.

Бүгінгі бұлақ сыңғыры да құлаққа ерекше, жағымды естіледі.

Әкімшілік қызметкерлері де қала көшелерін тазалауда.

Мінекей, бірлесіп бітірген жұмыстың жемісі.

Саябақтар, ерекше ғажайып күйге ене түсті.

Шыршалaр да сап түзеп, жол сілтеп тұр.

Қала оянып, жолаушы тиеген сансыз автобустар сан түрлі бағытқа ағылуда.


Жылыту пештерінің будақтаған түтіні, аспан мен жерді жалғап тұрғандай.

 Көптен күткен қыс мезгілі, ойын балаларына қуаныш сыйлады.

Балалар жұп-жұп болып жарыса сырғанақ тебуде.

Аспан да бұлттанып, тау басы мұнартып тұр.

Кешкі қала шамдары көшелерге ерекше көрік сыйлайды.

Көп ұзамай қала шамына шағылысып, ақ ұлпа қар қайта жауа бастады.

Сандаған адамның жолын сол бір аялдамадағы сәттер түйістіретін тәрізді.

Осылайша, қысқы қаланың тағы бір тамаша күні тарқауға жақын.

   Бүгінгі күн күтпеген оқиғаларға толы болды, алда талай қызықты күндерді назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Сурет: ©Мassaget.kz