Мың бояулы Алматы: күзгі фотосессия жасауға тұрарлық қаладағы әсем жерлер

Мың бояулы Алматы: күзгі фотосессия жасауға тұрарлық қаладағы әсем жерлер

Жапонияда сакура гүлдейтін уақытта барлығы шие ағашының саясында демалып, табиғат құбылысына тамсанады. Ал Алматыда күз мезгілі адамдарға ерекше әсер етеді. Ауа райының жылымық уақытында алматылықтар табиғат аясына шығып түрлі фото түсірілім жасайды. Қаланың беймаза тірлігінен байыз табатын мезгіл де дәл осы - КҮЗ. Massaget.kz тілшісі Алматының күзінде көркем кейіпке енетін 3 демалыс орнын аралап қайтты. 

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда. Баум тоғайының төлқұжат тақтайшасы. 

"Баум Тоғайы" - мемлекеттік табиғат ескерткіші. Қаладан көп қашық емес. Емен және қайың аллеялары бар. Сүтқоректілердің 9 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 3 түрі құстардың 36 түрі мекендейтін табиғи аумақ.  

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда. Құнды табиғи кешеннің күндізгі көрінісі.

Бұл жер бүгінде қос ғашықтың қол ұстасып жүретін мекеніне айналған. Сары-ала жапырақтар жерге тегіс түсіп, айнала алтын түске боялған шақ. Тіпті өзге өңірлердің тұрғындары Алматының күзіне ерекше таңданыспен қарайды. 

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда. Назерке есімді қала тұрғыны.

"Табиғат аясында серуендегенді ерекше ұнатамын. Мен бұрын Астана қаласында тұрдым. Күз мезгілі тамаша уақыттардың бірі. Бұл уақытта жасыл дүниенің барлығы ақырындап сарғайып бастайды. Алтын іспеттес, романтикалық әсер сыйлайды. Жәй ғана серуендеп жүргеннің өзі адамды қиял әлемінің басқа бөлігіне жетелейді", - Назерке есімді қала тұрғыны.

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда. Баум тоғайы.

Мың бояулы алматының баратын жері көп. Медеу мен Көктөбені айтпағанда қала ішіндегі саябақтары да көңілге серпін береді. "Терренкур" жаяу жүргіншілер аймағы. 

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда. "Терренкур" маңы. 

Әсем қалада тұмса табиғатқа бару үшін қаланың шетіне шығудың қажеті жоқ. Дәл жанынан көліктер жүйкіп жатса да бұл аумақ жанға тыныштық сыйлайды. 

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда. Кіші Алматы өзені.

Терренкурдан төмен қарай ылдилап аққан бұлақ суы құлақ құрышын қандырады. Өзендегі үйрек пен қазды тамашалап, фото түсірілім жасап жүргендер жетерлік. 

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда.

Бұл жердің ауасы, табиғаты адам ағзасын қалпына келтіруге ықпал етеді. Қарапайым серуендегеннің өзі жанға тыныштық сыйлайды. 

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда. Дәл осы өзенің маңы жігіттердің сүйгеніне ұсыныс жасау аймағына айналған.  

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Біз барған келесі демалыс орны Іле-алатауы ұлттық паркіне жататын "Қайың тоғайы". Бұл жерге кіру құны 545 теңге тұрады. Отбасымен бірге демалуға таптырмас мекен.  

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда. Саябақта демалушылар. 

"Біздің қаламызда күз мезгілі өте керемет өтеді. Табиғат түрлі түске боялады. Ерекше атмосферасымен ұнайды. Таза ауа. Біз жиі отбасымызбен табиғат аясына шығып тұрамыз. Қайың тоғайында ағаштардың биіктігі, жапырақтардың көптігі, өкпеңді ашатын таза ауа өте тамаша көңіл-күй сыйлайды. Отбасымен демалғанға ыңғайлы", - дейді Толқын есімді қала тұрғыны.  

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда. Қайыңды орман алқабы.

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Тұмса табиғаты бойыңды баурап, тынысыңды кеңейтетін қоңыр-салқын желі де адамдарға жылылық сыйлайды. 

Несі таң екен аспаннан ақ қар төгілсе,
Несі таң және қылтиып көк шөп көрінсе?
Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше (Есенғали Раушанов).

фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда