"Қоқыс басып жатса да Талдыкөлге демалушылар көп келеді". Талдыкөлді саябаққа айналдыруға не кедергі?

"Қоқыс басып жатса да Талдыкөлге демалушылар көп келеді". Талдыкөлді саябаққа айналдыруға не кедергі?

Астана қаласындағы Талдыкөл мәселесі көптен бері жыр болып келе жатыр. Экологтар мен қала тұрғындары аталған аймақты сақтап қалып, парк жасау керек десе, жергілікті билік құрлыс компаниясының сойылын соғып, көп қабатты пәтер салуға рұқсат берді. Талдыкөлдің ендігі қалған бөлігін сақтап, саябақ жасау мүмкін бе? Жергілікті биліктің аталған көлге байланысты қандай жоспары бар? Massaget.kz тілшісі материалында.

Астаналықтар Талдыкөлдің саябақ болғанын қалайды

Талдыкөл аумағында тұратын азаматтар көлдің сақталып, парк болғанын қалайды. Аталған аймақта 3 жылдан бері тұратынын айтқан Батыржан Жетпісбаев отбасымен көлшікке келіп, демалатынын айтады.

"Отбасымызбен Талдыкөлге келіп, құстарға қарап, сергіп қаламын. Негізі бұл жер парк ретінде сақталып қалса, жақсы болар еді. Мысалы ботаникалық паркке бару бізге тым алыс. Ол жерге қоғамдық көлік немесе таксимен ғана баруға болады. Бір жарым шақырым жерге балалармен жаяу бару қиын. Ал үйдің жанында парк болса, жұмыстан кейін құстарды көріп, отбасымызбен демалар едік. Мен өз басым жұмыстан шаршап келген кезде осы жерге келіп, демалып аламын. Мысалы автобустан түскеннен кейін үйге емес, ең бірінші осы жерге келуге тырсамын. Таң ертең келсеңіз бұл жер тіпті тыныш болады. Құстардың даусы ғана естіліп тұрады", – дейді ол.

Осы ауданда тұратын Жансая Әуесхан да көлшіктің айналасын тазартып, саябақ жасау керек деген пікірде. Алайда ол жергілікті биліктің қарапайым дүниені істемей отырғанына таңғалатынын жеткізді.

 

Талдыкөл аумағындағы көпқабатты үйде тұратын азаматтар көлдің сақталып, парк болғанын қалайды. Бұл жерде 3 жылдан бері тұратынын айтқан Батыржан Жетпісбаев отбасымен көлшікке келіп, демалады екен.

"Отбасымызбен көлге келіп, құстарға қарап, сергіп қаламын. Негізі бұл жер парк ретінде сақталып қалса, жақсы болар еді. Мысалы, ботаникалық паркке бару бізге тым алыс. Ол жерге қоғамдық көлік немесе таксимен ғана баруға болады. Бір жарық шақырым жерге балалармен жаяу бару қиын. Ал үйдің жанында парк болса, жұмыстан кейін құстарды көріп, демалар едік. Жұмыстан шаршап келген кезде осы жерге келіп, демалып аласың. Автобустан түскеннен кейін үйге емес, ең бірінші осы жерге келуге тырсамын. Таңертең келсеңіз тіпті тыныш болады. Құстардың даусы ғана естіліп тұрады", - дейді ол.

"Бұрын осында үлкен көл болғанда аққулар көп болған. Мына үйлердің орнының бәрі көл еді. Кейін бәрін көміп, үй салып тастады. Менің ойымша, мұнда парк болған жақсы. Жақын жерде балалармен барып, демалатын парк жоқ. Жан жағын реттеп, суды қайта толтырса жақсы болар еді. Қысы жазы аққулар болатын. Қаз, үйректер жүретін. Қазір өте аз болып қалды. Одан кейін қазір су өте қатты ластанып кетті, әу баста мұндай лас емес еді. Жыл сайын көлдің көлемі кішірейіп жатыр. Жан жағының бәрі қоқыс болса да, адамдар мұнда көп келеді. Әсіресе кешке таман адамдар өте көп келеді. Себебі Астанада басқа баратын жер жоқ. Біз басында жағалаудың бәрі сақталып қалады деп ойладық. Негізі көл ретінде сақталып қалса күшті болушы еді. Әйтеуір үйдің бәрін салып тастады ғой. Есік алдында ойнап жүрген балалардың іші пысады. Ең дұрысы осы жерді кішігірім парк еткен жөн еді. Мемлекеттің қорғауында болып, суды тазалап, реттеп отырса деген тілегім бар. Суды қайта толтырып, тазарту керек. Неге бұл жерге көңіл бөлмейтінін білмеймін. Арнайы орындық жасап, жарық шамдарын қойып реттеп қоюға болады ғой", – дейді ол.

Талдыкөлде  жаңа құрылыс болмайды

Астаналықтардың тілегі Талдыкөлдің айналасын тазалап, арнайы парк жасау. Ал жергілікті билік тұрғындардың талап тілегіне қалай қарайды. Екі ай бұрын орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке дәл осы сұрақ қойылған болатын. Әкім сол кезде бұл мәселе күнде көтерілетінін айтып, экологтар мен қоғамдық белсенділермен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген еді.

"Үлкен Талдыкөлдің көлемі 50 млн куб метрге жететін. Ал 2000-шы жылдары 10 млн куб метр су еді, қазіргі таңда 1 млн-нан аз. 2015 жылы кәріз арқылы Талдыкөлге баратын суды тазалатып, Есіл өзеніне жібердік. Енді оны министрлікпен келісіп, Үлкен Талдыкөлге құйып жатырмыз. Алдағы уақытта Үлкен Талдыкөлдің көлемім 5 есе көбейтеміз. Оған кем дегенде 1-2 жыл уақыт керек. Кіші Талдыкөлдің бірнеше су айдыны бар. Біздің жоспарымыз бойынша 9-шы, 3-ші және 7-ші бөлімшеге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Саябақ салу жоспары 5-ші бөлімшесіне қатысты, оның құжаттары әзірленіп жатыр. Ол мәселеде қала тұрғындарымен ақылдасу керек. Алдағы уақытта Талдыкөл жанында жаңа құрылыс болмайды", – деді әкім.

Жеңіс Махмұдұлына саябақ салу бойынша қала тұрғындарымен ақылдасудың ешқандай да қажеті жоқ. Себебі қала тұрғындары Талдыкөлдің аумағында саябақ салынғанын қалайды.

 Сондай-ақ қаладан шыққан қарды Талдыкөлді толтыру үшін пайдалануға әбден болады.

Жүк көліктері қарды қаланың сыртындағы 5-10 шақырым жерге тасымай, Талдыкөлге апарып төксе, онда аталған көлді суға толтыру қиынға соқпас еді.

Расында, Талдыкөлдің айналасын тазалап, арнайы парк жасауға болады. Әйтсе де жергілікті билік тұрғындардың пікіріне құлақ асар емес.

Сондықтан да тұрғындар бұл көлді де көміп тастап, көпқабатты үй сала ма деп алаңдайды.

Серік Құдайбергенұлы