"30 мың алматылықтың өміріне қауіп төніп тұр". Қала су тасқынына дайын ба?
Бұдан бір апта бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі 30 мың алматылықтың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты. Оның себебі - құрылысынан қомақты қаржы жымқырылған сел ұстайтын "Ақсай" бөгеті. "Ақсай" бассейніндегі бөгеттің қазіргі жағдайы қандай? Құрылыстың қай жерінде олқылық кеткен? Бұл туралы "Қазселденқорғау" мекемесі қандай мәлімдеме жасады? Толығырақ Massaget.kz материалында.
12 сәуірде төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов 30 мың алматылықтың өміріне қауіп төніп тұр деп дабыл қақты. Оның айтуынша, "Ақсай" бассейніндегі сел ұстайтын бөгетті салу кезінде ақша жымқырылған.
Келтірілген шығын көлемі 775 миллион теңгеден асады.
Бұл - бөгеттің жақыннан көрінісі.
Ақсай бөгетінің салынуы
Factcheck.kz мәліметінше, бұдан 4 жыл бұрын "Ақсай" және "Аюсай" селге қарсы бөгеттерін салуға тендер жарияланған.
Бұл екі құрылысқа о баста 22,8 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 15,5 миллиард теңгесі "Ақсай" өзені алабындағы бөгетке жоспарланған. Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Қазселденқорғау" мекемесі.
Редакция тілшісі бөгеттің қазіргі көрінісін бақылап қайтты. Негізінен сырттан қарағанда құрылыста қандай да бір ақау бары байқалмайды.
Бөгеттен аққан су топырақпен араласып, қаланың төменгі жағына лай су түрінде ағып жатыр.
Топырақпен араласқан су қаладағы арықтарды да бітеп жатыр. Нәтижесінде тағы миллиардтаған қаржыға төселген асфальт сапасы жоғалып жатыр. Кеше ғана күнұзық жауған жаңбыр да қаладағы су тасқынына қарсы жағдайды айғындап берді. Қаладағы көпірлердің асты суға толды. Нәтижесінде қаладағы көшелердің бәрі суға толды.