Ауыл кеші: Силуэттер

Ауыл өмірінің ең бір ерекше сәті – кеш. Күнімен жұмыстан босамай, бірі тауда, бірі бауда, бірі қора маңында жүрген жұрттың үйді-үйіне қайтып, қарбаласқа түсетін шағы бұл. Ойнауға уақыт таппаған балалардың да асыға күтетіні осы кеш болар. Қора тазаланып, қи шығарылған, отын жарылып, көң реттелген, су толып тұр, бұзаулар қамаулы, тауықтарға жем берілді, ат арқандалды, енді қой саны түгел болса, бүгіндікке іс бітті...

Фотограф үшін де кештің орны ерекше. Себебі, бұл уақытта айнала сан алуан түске боялып, әдемі кадр түсірудің сәті туады. Әлемді таңғалдырған көп суреттің дәл осы Күн батар кезде түсірілгенін ескерсек, шығармашылық ізденісте жүрген жандар үшін бұл шақты табиғат сыйлаған мүмкіндік деуге болады.

Массагет порталы да осы мүмкіндікті пайдаланып, ауыл кешінен арнайы фотожоба дайындады. Суреттердің бәрі силуэт түрінде түсірілген.

"Ата, анау не?"

"Тәй-тәй, бөпешім"

"Махаббат"

"Ана мен бала"

"Бозбала мен бойжеткен"

"Әпке"

"Жеңгем көріп қоймасын"

"Құрт ұрлау операциясы"

"Әй, шүу, көк есек!"

"Ойын балалары"

"Велосипед тепкен қыз"

"Зақпы"

"Жаттығу"

"Дөң үстінде"

"Қуып жет, досым!"

"Достық"

"Жігіттің сенімді серіктері"

"Бие байлау"

"Сауын бие"

"Шопан"

"Науқан"

"Шөп жинау"

"Қыстың қамы"

"Мотоцикл айдаған Мәулен"

"Тракторшы"

"Үйге қайту"

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту