Велошабандоздар туралы жаңа картина

Велошабандоздар туралы жаңа картина

«Хабар» телеарнасында тағы бір тың туынды. Агенттіктің тапсырысымен түсіріліп жатқан 12 бөлімді драмада велоспортшылардың жеңіс жолындағы қызыққа толы ғұмыры суреттеледі.  

Оқиға желісі бойынша ауылдағы мектепте оныншы сынып оқитын Арман есімді бозбала кәсіби велоспортшы болуды армандайды. Атасы Мұқанның жетекшілігімен әкесінен қалған ескі велосипедпен жаттығып жүреді.

Оның ауылы таулы аймақта орналасқан. Жыл сайын мұнда жас велокомандалар оқу-жаттығуға келеді. Сондай жаттығудың бірінде хат тасып жүрген Арманды жаттықтырушы көріп, дайындыққа шақырады.

Арман табиғатынан өте талантты, еңбекқор бала. Оның рөлін жас актер Жасұлан Көпберген сомдайды. Бұған дейін Ермек Тұрсыновтың «Кемпір» және «Санжар мен Қайсар» телехикаялары арқылы танылған.


Екінші спортшы жігіт – Санжар. Арман екеуі жақын достар, велокомандадағы ең талантты спортшы. Оның образын Аслан Анарбаев сомдайды.

Спорттың бұл түрінде ең маңыздысы жақсы велосипед. Қарапайым адамдар мінетін велосипед спортқа жарамсыз. Тау мен сай, қыр мен жазықтықта еркін әрі жылдам жүру үшін көліктің салмағы жеңіл болуы керек. Сонымен қатар киім мен бас киім де маңызды рөл атқарады.  

Фильмді түсіру барысында кәсіби велошабандоздар да қатысқан. Телехикая шынайы шығу үшін спортшылар мен актерлер бар күштерін салды. Әсіресе жарыстар сахнасын түсіру ұзақ әрі қажырлы еңбекті талап етті дейді шығармашылық ұжым.

Жалпы, кино түсіру өте қызық. Таң атқаннан күн батқанға дейін, кейде тіпті ұйықтамай жұмыс істеуге тура келеді.

Картина режиссері – Бейбіт Өнер. Ол Т.Жүргенов атындағы білім ордасын тәмәмдаған. Балаларға олардың міндетін, қалай ойнауды, кадрда қандай эмоция көргісі келетінін түсіндіріп жатқан сәті.

Ал, кинодағы ең сәтті кадрларды түсіретін – оператор. Себебі киноны көру үшін біз бірінші кезекте оператордың жұмысына қараймыз. Біздің оператор Самат Шәрипов. Өз ісінің маманы.

Жақсы бейне жасау үшін ол кез келген әрекетке барады. Тау, тас, ыстық пен суық оған сөз емес. Ең бастысы – сәтті кадр.

Сіздер, енді, жол апатының қалай түсіретінін білесіздер.  

Телехикаяның көрерменге қашан жол тартары белгісіз. Алайда  отандық велошабандоздардың спортқа деген махаббаты, жеңіске жету жолындағы қиындықтары мен ерік-жігерін көрсететін туынды болады дейді арна басшылығы.