1991 vs 2024. 33 жыл ішінде Алматы қалай өзгерді?

Биыл - Тәуелсіздік алғанымызға 33 жыл. Бұл - егемен ел болуды аңсаған ата-бабамыздан асыл мұра ретінде қалған мерейлі белес. Егемен ел болып, азаттық алған кезден бастап Алматы қалай өзгерді? 1991 жылы қала көрінісі қалай болды, қазір қандай? Толығырақ Massaget.kz материалында. 

33 жыл ішінде қала айтарлықтай көркейді. Кей ғимараттар кейпін өзгерткені сонша, оларды тіпті тану қиынға соғады. Ал кей ғимараттар сол қалпында қалған. 

Бұл - Алматы Саяси ағарту үйі. Ол 1981 жылы салынған еді. Мұнда бұрын Саяси ағарту үйі, Геология министрлігі және Ет және сүт өнеркәсібі министрлігі болған еді. Кейін ғимаратты Каспий университеті сатып алды. 

1991 жыл

Бұрын бұл ғимарат алаңында бақбақ тәрізді фонтан болатын. Қазір оның орнын бу шығатын фонтан ауыстырды. Өкінішке қарай, бұл ғимарат Алматының тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілмеді. 

2024 жыл

Ал бұл суретте 1991 жылғы Оқушылар сарайының алаңы бейнеленген. Мұнда балалар Аяз атадан сыйлық алып жатыр. 

1991 жыл. Ностальгия Алматы парақшасынан алынған сурет 

Бұрынғы Пионерлер, қазіргі Оқушылар сарайы айтарлықтай өзгерген. Енді мұнда балаларға ойнауға арналған алаң да бар. 

2024 жыл

Ал ғимарат сол қаз-қалпы. Уақыт өзгергенін 2025 саны ғана ұғындырып тұрғандай.  

2024 жыл

1991 жылғы Жаңа жылға дайындық. Тұрғындар жаңа 1992 жылға дайындалып жатыр.

1991 жыл. Ностальгия Алматы парақшасынан алынған сурет  

Оқушылар сарайына қарсы орналасқан үй де орнында. Тек бұрын егілген шыршалар мен талдар өсіп, үйді жауып барады. 

2024 жыл

Ал бұл - 1991 жылғы 1 мамырда түсірілген сурет. Адамдар көктем мен еңбек мерекесін тойлап жүр. Суретте Республика алаңы бейнеленген. 

1991 жыл

Республика алаңының қазіргі көрінісі осындай. Бұл жылдары мұнда Тәуелсіздік монументі, Желтоқсан оқиғасына арналған "Тәуелсіздік таңы" деп аталатын ескерткіш пен Қаңтар оқиғасына арналған ескерткіш салынды. 

2024 жыл  

Қаланың көрікті жерлерінің бірі - "Арбат" немесе "Жібек жолы". Бұл жерде Орталық әмбебап дүкен болатын. КСРО ыдырағаннан кейінгі алғашқы 3 жылда дүкен мемлекет меншігінде болған. Алайда 1994 жылы экономикалық реформалар аясында әмбебап дүкенді жекешелендіру ұсынылды. Сол жылы дүкен "ЗАҢҒАР Қазақ республикалық сауда үйі" акционерлік қоғамына айналды.

1991 жыл. Ностальгия Алматы парақшасынан алынған сурет 

2014 жылдары дүкеннің маңдайшасында "Заңғар" деген атауы тұрды. Кейін ол алынып, ЦУМ деген жазу ғана қалды. 

2024 жыл  

1991 жыл. Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин 28 гвардияшы-панфиловшылар паркіндегі мемориалға гүл шоғын қойған сәт.  

1991 жыл. Ностальгия Алматы парақшасынан алынған сурет 

33 жыл ішінде 28 гвардияшы-панфиловшылар паркі де, мемориал да реконструкциядан өтпесе, айтарлықтай өзгере қойған жоқ. 

2024 жыл  

Өзгеріске ұшыраған ғимараттардың бірі - Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы. 1967 жылы салынған ғимарат 2010 жылы реконструкцияланды. 

1991 жыл. Ностальгия Алматы парақшасынан алынған сурет 

Қазір Спорт сарайы жарыс өтетін орын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық белсенділік орталығына айналып отыр.

 

Еске салайық, бұған дейін тарихи оқиғалар өткен Республика алаңы қалай өзгергеніне шолу жасалған еді. 



Бөлісу: