Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Фоторепортаждар / «Мезгілсіз махаббат» комедиясы қалай түсірілді?

«Мезгілсіз махаббат» комедиясы қалай түсірілді?

«Мезгілсіз махаббат» комедиясы қалай түсірілді?

7 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасында «Мезгілсіз махаббат» телехикаясы көрерменге жол тартады. Егде жастағы адамдар арасындағы ғашықтық сезімді баяндайтын комедияның режиссері – Әнуар Матжанов.

Телехикаяның қысқаша мазмұнын және түсірілім алаңында жасалған суреттерден фоторепортаж ұсынамыз.

Махаббат жасқа қарамайды. Бір ғана кездесу екі адамның өмірін өзгертті. Алматының шалғай ауылынан Астанаға қыдырып барған Демесін ақсақал қаланың көрікті кемпіріне ғашық болады.

Картина режиссері Әнуар Матжановтың айтуынша, бұл туынды сценарийі қазақы ұғымға сай, түсінікті, оңай жазылғандығымен ерекшеленеді екен.

Сценаристер Жәмид Көшербаев пен Асқар Дүйсенбі телехикаяда ауыл мен қаланың тартысын, ырымшылдықпен күресті, қазақы тәрбие мен жаңашылдықтың қайшылығын көрсетуге тырысқан.

Фильмдегі басты рөлдерді Айдос Бектеміров, Гүлнар Сейтімбет, Дариға Бадықова, Жалғас Толғанбай сынды танымал актерлер ойнайды.

М. Әуезов атындағы қазақ Мемлекеттік  академиялық драма театрының актері Айдос Бектеміров Дәмесін ақсақалдың образында. «Шәкәрім айтқандай «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», бұл басқалардан басқаша сериал болайын деп тұр. Бұрын біз талай фильмдерде жастардың махаббатын көруші едік, ал біздің картина жасы ұлғайған адамның сезімін көрсетеді»,– дейді актер. 

Ауылдағы келіндердің Етті қазаннан түсіріп жатқан сәті.

Жеңгелердің ет түсіргенін көріп едік, ал мына жігіттер неге кірісті екен?

Дәмесін ақсақал мен Ғалия апайдың үйлену тойы. Түрлі қауесетке қарамастан екі ғашық отбасын құра ала ма әлде тойдың шырқы бұзыла ма?

Мүмкін, біздің Дәмесін ақсақал ауылдағы әжелердің бірімен көңіл жарастырар. 

Бұл қызықтың барлығын «Мезгілсіз махаббат» комедиялық телетуындысынан көресіздер.

14 бөлімді хикаяны «Хабар» телеарнасынан 7 қарашадан бастап тамашалаңыздар.

Ілмек сөздер: «Мезгілсіз махаббат», комедия, телехикая

1358 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Қосылған күні:24 қазан, 17:43
Тегтер: «Мезгілсіз махаббат», комедия, телехикая

Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру: