Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

Негізгі / Фоторепортаждар / «Хабар» агенттігі жаңа маусымының тұсаукесерін жасады

«Хабар» агенттігі жаңа маусымының тұсаукесерін жасады

«Хабар» агенттігі жаңа маусымының тұсаукесерін жасады

5 қазан күні «Хабар» агенттігі жаңа маусымының тұсаукесер кешін өткізді. Салтанатты шараға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ақпарат құралдарының басшылары, журналистер мен блогерлер, шоу-бизнес өкілдері мен өнер жұлдыздары қатысты.

«Бұл кеш, бұрынғы кештен өзгерек». Қызыл кілем төсеулі, хабарлықтар қонақтарды жылы жүзбен қырсы алуда. Келгендердің де көңіл-күйлері көтеріңкі, ешқандай ресмилік жоқ, бір-бірімен емін-еркін тілдесуде.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар

Бір топ өнер жұлдыздары бір үстел басында

Қазақтың бұлбұлы Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері Алпамыс Шаримов
Хабардың әлеуметтік желілеріне жазылуға шақырады

Танымал композитор Ринат Гайсин де тойдан қалыс қалмады

Жас өнерпаздар Хабар агенттігі тойының қонақтарына әннен шашу шашты

Ерке Есмахан "Қайда?" хит әнін орындады

Биыл Оскар марапатына ұсынылған "Анаға апарар жол" фильмінде басты рөлді сомдаған
Әділ Ахметов және актриса Құралай Әнуарбекова

Көп кешікпей кеш те басталды. Осы жылы хабарлықтардың көрерменге әзірлеген сыйы көп. Еліміздің басты ақпараттық арнасы «Хабар-24» әр сағат сайын жаңалық таратып, көрерменге сапалы бағдарламалар ұсынады. Ал, «Kazakh TV» телеарнасы әлемге төрт тілде шықпақ. «Ел Арна» қазақ кино қоржынындағы ең қызықты туындыларды әзірлеп қойды. «Хабар» арнасының шығармашылық ұжымы тың жобалар дайындаған.  

«Ана мен бала» жобасының жүргізушісі Қарақат Әбілдина «Хабар» арнасының дикторы
Ғани Жәпішевке сұхбат беруде

Тұсаукесер барысында өнер көрсеткен бишілер 

Ашылу салтанатынан әнші де, биші де, сазгер де табылды

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қонақтар ортасында

Бұл кадр сыртындағы, тұсаукесерге дайындық жүргізген шығармашылық ұжымның аз ғана бөлігі 

«Біз қашанда жаңашылдықты қолдаймыз, жаңа контент дайындауға, бағдарламаларды әзірлеуге тың идеялы адамдарды шақырудамыз. Осы жылы жұлдыздардың қатары арта түсті. Ең басты жобамыз – халықтың сүйікті ұлы Мейрамбек Беспаев қатысатын «Жұлдызды жекпе-жек», танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызымен жаңа ток-шоу шығады»,–дейді «Хабар» агенттігі Басқармасының төрайымы Алмагүл Ахметжанова.  

Ілмек сөздер: «Хабар» Агенттігі, жаңа маусым, тұсаукесер

381 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Қосылған күні:11 қазан, 15:23
Тегтер: «Хабар» Агенттігі, жаңа маусым, тұсаукесер

Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру: