Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Негізгі / Фоторепортаждар / «Алтын бесік» – «Хабар» арнасында жаңа жоба

«Алтын бесік» – «Хабар» арнасында жаңа жоба

«Алтын бесік» – «Хабар» арнасында жаңа жоба

Жаңа маусымын әлеуметтік мәселелермен бастаған «Хабар» телеарнасы көрермендерін осы аптада тағы бір тың жобамен қуантады. «Алтын бесік» деп аталатын реалити-шоу еліне ерен еңбегі сіңген азаматтар туралы баяндайды.

Қазақ тарихындағы талай асыл тұлғаларымыздың дені ауылда туып, ауылда өскен. Туған жердің топырағында тай-құлындай тебісіп, дархан даламыздың төрінде аунап-қунап ер жеткен азаматтарымыз кіндік қаны тамған ауылын ұмытқан емес. Сол себепті қашанда өскен өлкесіне тағзым етуді естен шығармай, ауылын көркейтіп, дамытуға атсалыса білетін ұл-қыздарымызды насихаттап, үлгі етудің маңызы зор. «Алтын бесік» бағдарламасы осы міндетті арқалап, халқының ілтипатына бөленген жерлестеріміз туралы сөз етеді.

Нұрлан Тұрғанбекұлы Іздібаев – «Ақтөбе и К» шаруа қожалығының басшысы. 20 жыл бұрын өзі де комбайн жүргізген, соны еске алып, техниканы жүргізіп көруде.

Бұл жобада ауылдан шыққан қазақстандықтардың көпшілікке белгісіз қырлары ашылып, қызыққа толы әлеміне сапар шегеміз. Бағдарлама кейіпкері балалық шағына оралып, өзімен қатар өскен құрбы-құрдастарымен бірге сүйікті ойынын ойнап, көрерменді тәнті етеді. Сол арқылы ұлттық ойындардың не екендігін қазіргі жастардың есіне салады. Сондай-ақ қатысушы туып-өскен кең байтақ даласын, əсем табиғатын, көне кесенелер, мұражайлар, ескерткіштер мен маңызды тарихи оқиғалар орын алған жерлерді аралап жүріп, олар туралы әңгімелеп, таныстырады.

Сонымен бірге кейіпкердің өз ауылдастарына материалдық көмек көрсетуі арқылы адамзатты мейірімді, қайырымды болуға үндеп, әлеуметтік жауапкершілікті насихаттайды. «Бағдарлама форматының тағы бір ерекшелігі – ондағы кадрдан тыс мәтін қаһарманның өз даусымен дыбысталатындығы. Яғни, көрермен кейіпкердің сұхбатын тамашалап, оның өмірбаяны мен қызықты оқиғаларын өз аузынан естумен қатар, дикторлық қабілетін де бағалай алады. Ол мәтінді оқыған кезде, жан дүниесі одан сайын ашылып, кадрдағы әрбір іс-әрекетінің шынайылығы арта түседі» - дейді хабардың продюсері Толқын Сейдоллақызы.

Жалпы 12 бөлімнен тұратын жобаға туған жерінің, ауылының көркеюіне атсалысып, қол ұшын созып жүрген танымал кәсіпкерлер, эстрада мен спорт жұлдыздары, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер майталмандары мен өзге де ерен еңбегімен ел аузына іліккен тұлғалар қатысады.

Темірлан Шанүсіпов – «Құрмет» орденінің иегері, «Ақтерек» шаруа қожалығының басшысы. Өзінінің туған өлкесімен таныстыру сәті.

Есмұхан Несіпбайұлы Обаев – актер, театр режиссері, театр қайраткері. «Тарлан» тәуелсіз платинді сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, өнертану ғылымының профессоры. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының кеңесшісі. Туған ауылы Кегенде (Аламыт облысы).

Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер – Сүйінбай атындағы Алматы  облыстық  филармонияның солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері.

Марат Кененбайұлы Мәзімбаев – кәсіпқой боксшы, IBA чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Жамбыл» бокс клубының директоры. Жанкүйерлерінің қолғаптарына қол қою сәті

Бақытжан Ертайұлы Ертаев –  генерал-лейтенант, «Халық қаһарманы», ІІ «Даңқ»,  «Отан», «Қызыл жұлдыз»  ордендері мен медальдерімен марапатталған. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.  Жас солдаттарды үйретіп жүр.

Досымжан Қарпықұлы Таңатаров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ҚР Мемлекеттік Күзет қызметінің Президенттік оркестрінің әншісі. Ауылдағы балалармен доп қуып, балалық бал дәуренге саяхат жасап жүр.

Кенжебек Тұрсынбайұлы Жанәбілов – «МузАРТ» вокалды-аспапты ансамблінің мүшесі. «Дарын» жастар сыйлығының иесі. Біздің әнші Оңтүстіктің балығын ұстап, ауылындағы мектепке барды.

«Алтын бесік» реалити-шоуын 17 қыркүйектен бастап әр жексенбі күні «Хабар» телеарнасынан тамашалаңыздар.

Ілмек сөздер: Алтын бесік, Хабар арнасы

2428 1
Рейтинг: +2

Қосылған күні:14 қыркүйек, 12:13
Тегтер: Алтын бесік, Хабар арнасы

Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру: