Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Фоторепортаждар / The Spirit of Tengri фестивалін асыға күттіретін 7 себеп

The Spirit of Tengri фестивалін асыға күттіретін 7 себеп

The Spirit of Tengri фестивалін асыға күттіретін 7 себеп

  1. 1.   Бабалар үніне құлақ түру

Жер жаһанды мекен еткен кез-келген ұлттың өз бабаларынан қалған ерекшеліктерін дәріптеп, өткен тарихы, қайғысы мен қуанышынан сыр шертетін мұрасы бар. The Spirit of Tengri фестивалінің ең басты мақсаты – осы мұраны сақтап қалу. 

  1. 2.   Жан тебірентер сазды әуен

Бабалардан қалған мұраны келер ұрпаққа жеткізудің бірнеше жолы болса, соның бірегейі – музыка. Қазіргі мәнсіз-мағынасыз 5 минуттық хит әндердей емес, барша адамзат өмірі мен өткенін жырлайтын, терең әрі әсерлі музыка – The Spirit of Tengri фестивалінің негізгі құндылығы. Музыка болмаса, бұл шара да болмас еді. 

  1. 3.   Әуезді үнге ұйыған адамдар

Бұл фәниге бізден жүздеген ғасыр бұрын аяқ басып, келер буынға жол салып кеткен ата-бабаның адамдық келбетті сақтап қалуға шақырушы үні мен мыңжылдық мұрасының соны ұғынуға ұмтылған ұрпақсыз еш мәні болмас еді. Сондықтан, әуезді үнге ұйып, бір-бірін тілсіз түсінген адамдар – нағыз идиллия, алғашқы бейбіт, жұмақ бағындағы өмірдің бір үлгісіндей.

  1. 4.   Айрықша атмосфера

Жазға жылуды бар жан-тәніңізмен сезіне Абай даңғылын бойлай алаңға қарай серуендесеңіз, алыстан мен мұндалаған этникалық әсем әуен елітіп әкетеді. Діттеген жеріңізге қалай жеткеніңізді сезбей қаласыз.
The Spirit of Tengri фестивалінің сахнасы сайланған алаңға аяқ басқан бойда жаңа әлемге сүңгіп кетесіз. 
Күн, самал жел, әсерлі әуен, жадыраңқы жүздер, жүгірген балалар, ессіз ғашықтар, әдемі қолөнер бұйымдары, музыкалық аспаптар... 

  1. 5.   Мың түрлі мәдениет 

Өмір несімен әдемі? Несімен әсерлі? Әрине, кемпірқосақтың түсіндей түрлі мәдениетпен. Егер барлығы біртекті болса жердегі өмір осыншама көркем, осыншама керемет болар ма еді?! Алматы – осы мың түрлі мәдениеттің тоғысқан нүктесі. The Spirit of Tengri фестивалі – осы Алматыны өзге шаһардан бір төбе жоғары қоятын қасиетін дәріптеуші шара. 

  1. 6.   Таным көкжиегін кеңейту 

The Spirit of Tengri фестиваліне жиылған қауым сөзсіз кең білім қорын жиып кетеді. Өйткені, шара барысында түрлі ұлттың ауыз әдебиеті, фольклоры, музыкалық аспаптары, ұлттық киімдері, билері туралы толыққанды ақпарат беріледі.

  1. 7.   Шарықтаған шабыт 

Бұл шарадан алынған әсердің ұзақ уақыт сақталатын ерекшелігі бар. Қабырғаңды тесіп өтердей бұлқынған жүрек пен шарықтаған шабыт жалынын көпке дейін бәсеңдетпей тұрып алады. The Spirit of Tengri фестивалі – шығармашылық адамы үшін теңдессіз тарту. 

Биылғы The Spirit of Tengri 2017 фестивалі менің жүрегімдегі барша адамзатқа деген махаббатты арттырып, шараға жиылған қауымның портреттік суреттерін жасауға шабыт шақырды. Қабыл алыңыз!

P.S. Құмары қанбай қалғандарға айтар жақсы жаңалығымыз бар. Бұл күйді қайта кешу үшін ендігі жаз айналып жеткенше күтудің қажеті жоқ. 

Себебі, жақын арада этникалық музыка фестивалі Астанада өтеді. The Spirit of Tengri фестивалі Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында өткізіледі. Мәдениет министрлігімен біріге отырып Nomad Way бес күндік фестивалін және елорда әкімдігімен бірігіп The Spirit of Astana кеші өтеді.

Ілмек сөздер: The Spirit of Tengri 2017 , 7 себеп

1
Рейтинг: +3

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Қосылған күні:22 мамыр 2017, 19:07