Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Бас бет / Фоторепортаждар / Қостанайда наурыз қалай тойланды?

Қостанайда наурыз қалай тойланды?

Қостанайда наурыз қалай тойланды?

Қысы алты айға созылатын еліміздің теріскей өңірінде көктемнің жылы лебі сезілгенімен әлі қалың қар жатыр. Десе де, бұл аймақта да жылдың басы саналатын наурыз мейрамы ел қатарлы тойланады. Сүрі қары әлі ерімеген солтүстік қалаларында Ұлыстың Ұлы күнін қалай тойлайтынын көру үшін Қостанай қаласына ат басын бұрып, сапарымыздан оқырмандарымызға деп суреттер топтамасын дайындаған едік. Сол топтамаға назар салыңыздар.

Оңтүстік қалаларына қарағанда күні ұзақ болса да Сібірден соққан суық желдің әсерінен ауасы жылып үлгермейтін Қостанай көшелерінде омбы қар әлі де жатыр.

Соңғы аптада температурасы -10°C градустан көтерілмеген қала мейрамға орай тұрғындарына ерекше сыйлық жасады. Бүгін ауа -2°C градусқа дейін жылыды.

Содан болар, әдетте адамы аз Қостанай көшелері халыққа толып, абыр-сабыры көбейді.

Наурызға орай ұйымдастырылған шара шаһардың саябақ, мұражай, базары мен ойын-сауық орындары шоғырланған орталығында өтті.

Облыс әкімшілігінің алдына жиырмадан аса киіз үй тігілді.

Сондай-ақ, сол арада концерттік қойылымдарға арналған тайқазаны бар үлкен сахна да құрылды. Мына суретте орыс ұлтының қариялары "частушка" айтып тұр.

Үлкен сахнадан бөлек маңайда тағы бірнеше концерт ұйымдастырылды.

Өнерпаздар мейрамның қызықты өтуіне бар күшін салды.

Көпшілік арасынан өнерімен жұртшылық көңілін көтеруге атсалысқандар да табылды.

Түрлі ойындар да ұмыт қалмады.

Кір тасын көтеру.

Турникке ұзақ асылып тұру.

Алтыбақан.

Халықтың қызығушылығын туғызған дүниелердің бірі — қолөнершілер жәрмеңкесі болды.

Әсіресе, ұлттық нақыштағы бұйымдар үлкен сұраныс тудырды.

Ал, ұлттық киімде суретке түсемін дегендерге мынадай қызықты қабырғалар дайындалған.

"Ұлттық киімді өзің кимесең де, киген адаммен суретке түс" деген қызмет те ұсынылды.

Қызметтің бұл түрі қостанайлықтар арасында үлкен сұранысқа ие екен.

Сол сұранысты пайдаланып, елмен суретке түскені үшін ақша алатындар да бар боп шықты.

Ақша демекші, кезегіне тұрамыз дегенше бірнеше киіз үйде берілген тегін көже таусылып қалды. Ал, халық тамақтанатын жерде тегін тұрмақ, сатылымда да көже болмай шықты.

Мұндағы жұрт кәуап жегенді ұнатады екен.

Кәуәптан бөлек, бәліш, чебурек, самса бар демесеңіз, астың басқа түрін байқамадық. Мына суреттегі көк түтін де соны меңзеп сөйлеп тұрған сыңайлы.

Бәрін айт та, бірін айт. Түс ауа шара да аяқталып, кешкі салқынға қалмайын деген ел үйді-үйіне тарқасып кетті. Халыққа толы алаң аз уақытта бос қалды. Тіпті, қоқыстан тазаланып, көліктер жүре бастады. Мына суретте жоғарыдағы кәуап сатушылары тұрған көше көрсетілген. Екі суреттің арасы — бір сағат.

Әкімшілік ұйымдастырған шаралар аяқталса да көпшілік арасынан мейрамды ары қарай тойлаушылар табылып, олардың дені орталық саябаққа қарай ағылды.

Бірақ ол мүлде басқа әңгіме...

Ілмек сөздер: Қостанай, наурыз, мейрам, қала,

31 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Yernar Almabek
Қосылған күні:23 наурыз, 00:21
Тегтер: Қостанай, наурыз, мейрам, қала,

Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру: