Көктөбедегі махаббат мерекесі

Көктөбедегі махаббат мерекесі

15 сәуір – ғашықтар мерекесіне орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай салтанатты мерекелік шараның бірі – Алматыдағы Көктөбеде өтті.

Мереке күні Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті мекенге асыққандар көп болды. Біз де жұрттан қалыспай Көктөбеге ерте жеттік. Шынын айтсақ, алақандағыдай көрінетін ару қала Алматының сұлулығына тамсануға асықтық.

Жолай қаланы суретке түсіре бастадық. 

Қаладағы ең ұзын (тіпті еліміздегі) көшелердің бірі - Әл-Фараби даңғылы айқын көрінеді.

Алыстан менмұндалаған "Қазақстан" қонақүйі

Көктөбенің ең биігіне шыққанда бірінші алманы көруші едік...

Ал қазір мына "алып" әткеншек бірден көзге түседі екен.

Ал мына жиектемеге (рамка) тұрып, естелік суретке түсуге болады. Қайта жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін осындай арнайы алаң жасалған.

Ал мына алтыбақанда тербелу ақылы екен.

2015 жылы жаңартылып, іске қосылған жаңа аспалы арқан жолдар.

Көктөбеге келген құрметті қонақтар тақтасы.

Кешкі мереке басталғанша Көктөбенің зообағын аралып шығуды ұйғардық. 

Мұнда түрлі үй жануарлары мен түрлі дала, тау жануарларын кездестіруге болады. 

Төрт түлікпен қатар, марал да бар екен.

Ақысын төлеп, қояндарға қолдан сәбіз беруге болады. 

Біз зообақ пен өзге де түрлі аттракциондарды аралап, естелікке заттар алып жүргенде ымырт жабылып, кешкі мереке басталып кеткенін аңғармай да қалдық. Бір әттеген-айы, көркейе түскен Көктөбені толық суретке түсіріп үлгермедік. Тағы бірде арнайы репортаж жасармыз. Бүгін бастысы - мерекелік көңіл-күйді жеткізгіміз келген. Олай болса кешімізді бастайық!

Кеште кешкі би әуендері орындалды. DJ Fest, DGJ- Da Gudda Jazz, This blind, Тұрар Рахимберлин және т.б. әнші-рэперлер өнер көрсетті.

Бәлкім, көрермендер қазақтың нағыз махаббат тақырыбындағы үздік әуендерін іздеп келген болар...

Бірақ, қазақы әуенді ести қоймадық.

Кешкі әуен келген жастардың көңілінен шыға бастады.

Ән әуеніне ырғатылып, билей бастады. Ал біз би басталғаннан кейін кешкі Көктөбені тамашалауға қайта шықтық.

Кешкі Алматы көркін тамашалап, суретке түсіп жүргендер көп екен. Арасына барып біз де қосыла кеттік. 

"Отты шарлар" ұшыруға талпынған ғашықтар көп болды. Бірақ, ұшыруға тыйым салыныпты.

Күзетшілер келіп өшіріп тастап тұрды.

Көктөбе телемұнарасы

Алыстан менмұндалаған "Қазақстан" қонақүйі (түнгі көрініс)

Республика алаңы

"Битлз" тобының мүсінімен суретке түсу үшін кезекке тұрғандар саны көп екен. 

Жастар мерекелік кеш көрігін қыздырып, қолдағы шарларын көкке ұшырды.

Көктөбедегі кеш жастарға мерекелік шаттық сыйлап, барлығы көңілді тарқасты. Олай болса, сөз соңында "Ғашықтар мерекесі құтты болсын" - дейміз!