- Негізгі бет
- Тұлға
- Виктория Бекхэм БҰҰ-ның...
Виктория Бекхэм БҰҰ-ның елшісі атанды
Виктория Бекхэм өз еркімен Біріккен Ұлттар Ұйымының елшісі атанды. Бұдан былай атақты дизайнер СПИД (ЖҚТБ) ауруымен күресетін және осы ауруға шалдыққандарға көмектесетін БҰҰ-ның қарамағынан құрылған ЮНЭЙДС ұйымының мүшесі болып қызмет атқарады.
Виктория бұған дейін Африка елдерінде бірнеше рет болған және АИВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған тұрғындарға қолынан келген көмегін аямаған. БҰҰ-ның ресми елшісі атанған Виктория: «Бұл – мен үшін маңызды жолдың бастамасы. Әйел ретінде, ана ретінде мойныма артылған жауапкершілікті сезініп, басқа әйелдерді қорғайтын боламын. ЮНЭЙДС-пен бірігіп іс атқару маған үлкен абырой. АИВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған аналар мен сәбилерге көмектесетіндердің қатарын арттыра алатыным үшін қуанамын», - дейді.
Бұған дейін атақты актер Леонардо Ди Каприо да киттердің азаюына қарсы күресетін елші ретінде тағайындалғанын ұйымның хатшысы Пан Ги Мун баяндаған болатын. БҰҰ-ның хатшысы «осындай ғаламдық маңызы бар мәселелерге атақты жұлдыздарды қатыстыру олардың жанкүйерлерін де бей-жай қалдырмайды», - дейді.
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: kleo.ru
Y. Smaghul