Грузиндік әлеуметтік желілерде танымал грузиялық әнші әрі актер Вахтанг Кикабидзенің өлімі туралы ақпарат тарап кетті. Бұл туралы РИА Жаңалықтар хабарлады.
Дегенмен актердің продюсері Сосо Абзианидзе бұл алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды. "Вахтангпен қазір ғана сөйлестім, денсаулығы да, көңіл-күйі де тамаша. Ол өлер алдында бұл әңгімелерді таратып жүргендерге ескертіп кететіндігін айтып әзілдеді", - деді Абзианидзе.
"Біз қазір Батумиде репетиция жасап жатырмыз. Тблисиге екі күнге келдік. Вахтанг Канададан келетін ұлын күтіп алмақшы. Сосын ертең балық аулауға шығуды жоспарлап отырмыз. Ал тамыздың 10-20 аралығында Батумиде "Мелодии Верийского квартала" (Верия кварталының әуендері) спектаклін қоятын боламыз", - дегенді қоса айтты продюсер.
Айта кетелік, актер бұдан кейін гастрольдік сапармен Украинаға жол тартатын болады. Содан соң әншіні Қазақстан күтіп алады. Вахтанг елімізде екі концерт қоюды жоспарлап отыр.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/_3Q7Fx2YllM","width":"450","height":"256"});
Вахтанг Кикабидзе. Тыныштық
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: festival.vitebsk.by