Бүгін, яғни, 20 қараша күні Ұлыбританияның патшалық отбасында үлкен мереке тойланғалы жатыр. Патшайым Елизавета II мен герцог Филипп осыдан 70 жыл бұрын заңды некеге отырған. Белгілі болған ақпарат бойынша, олар мерекені сарайда өз туыстарының ортасында атап өтпек.
Арнайы шара алдында Елизавета II мен Филипп портреттік суретке түскен. 70 жылдыққа арналған фотосуреттің авторы Мэтт Холиоук болды. Мэтт осыған дейін Vogue UK, Vanity Fair, Elle және Times Magazine сынды аса беделді басылымдарда тұрақты фотограф қызметін атқарған.
«Мұндай портрет жасау мен үшін үлкен мәртебе. Мен патшайым мен герцогтың өздерін максималды еркін сезінген сәтін күттім. Жасалған портреттен олардың биік мысы мен өзара сыйластығы байқалатындай,» - деді Холиоук сурет туралы.
Түсірілім Виндзор сарайының Ақ залында өткен. Нағыз аұсүйектерге тән жоғары талғаммен киінген жұбайлардың екеуара үйлесімдігі ерекше әсер етеді. Патшайымның кеудесіндегі гаухартастармен көмкерілген түйреуішті Филипп 1966 жылы сыйға тартқан екен.
70 жыл үйлесімділікте өмір сүріп келе жатқан жолдасын Елизавета 8 жасында жолықтырған. Кейбір деректер бойынша, оған ұсынысты патшайымның өзі жасады деседі. Ал, 1947 жылы 20 қарашада жұбайлар некесін қидырған.