Атақты актерлер біз үшін жеңілтек біреу секілді болып көрінуі мүмкін, себебі ол әрқандай рөлдерді сомдап, көрермен көңілінде солай болып қалыптасып қалуы мүмкін.
1. Реалист болмаңыз.
"Реализмнің мәні неде? Эдисон реалист болған жоқ...".
Барлық ұлы істер бір кездері реалист емес адамдардың қолынан туған. Әлемді реалистер жаулаған болса, біз әлі үңгірлерде өмір сүріп, көлік айдамай, байланыс жасай алмай, ғылым мен техниканы меңгермейтін едік. Сонымен әңгіме не туралы? Алдыңызға өзіңіз қорқатын жоспарларды қойыңыз, шекарадан шығып, дегеніңізге жетуге тырысыңыз. Адам өзінің қолынан көп іс келетінін білмейді.
2. Мақсатқа жетуге асығыңыз.
“«Б» жоспары сізді «А» жоспарыңыздан ауытқуыңызға алып келеді”.
Нысанға жету жолында барлық дүниені ұмытып, тек сол жайында ғана ойланыңыз. Сіздің өзге нәрселерге алаңдауыңыз, уайым келтіруіңіз негізгі бағытыңыздан адастырады. Майда табыстарға басыңызды ауыртпай, негізгі мақсатқа ден қойыңыз.
3. Ұлы болуға тырысыңыз.
"Мен өмірден өтіп кеткен ұлы адамдарға ұқсап өмір сүруге тырысамын".
Өмірде орташа болуды көздейтіндер ештеңеге де жете алмайды. Ұлы болу үшін ұлылыққа ұмтылу керек. Орташа болуға неге қызығасыз? Бұдан гөрі шыңға шығып, атақ пен даңқты алуға ұмтылуыңыз дұрыс болмақ.
4. Санаңызға үңіле біліңіз.
"Мен санамда әрқашан Голливуд жұлдызы болғанмын, мен бірақ оны білмей келген екенмін".
Сіз санаңызға үңіле алмасаңыз, ешқашан мықты адам бола алмайсыз. Санаңыздан кім болғыңыз келсе, соны көруге тырысыңыз. Сіз өз сәттілігіңізге сенімді болуыңыз керек.
5. Сенім білдіріңіз.
"Мен егер АҚШ президенті болуға бар ынта-жігерімді салсам, мені ештеңе де тоқтата алмас еді".
Өз мүмкіндігіңізге сенуіңіз керек. Егер сіз президент болуға лайықты емеспін деп ойласаңыз, сайлауға түсудің өзі артық. Бұл, әрине, тек президенттік қана емес, адам өмірінде болатын барлық жетістік туралы осылай ойлау керек.
6. Неге «жоқ?» деп сұраңыз.
"Әрқайсымыз белгілі бір салада білімсізбіз".
Көбіміз өзге біреулердің мүмкіндігін шегінен асыра ойлаймыз, ал өзіміздің мүмкіндігімізді төмен көреміз.
7. Алға бас.
"Өмір жолында адамдар сізге дөрекі сөйлеп, нашар қарым-қатынаста болады. Оларға деген өшпенділік өзіңізді де іштей жейтінін біліңіз".
Әрқашан да кешіріп, әрмен қарай жүруге дайын болыңыз. Сізді сынап жүрген адамдардың көбі жылылықты күтетінін біліңіз. Өшпенділік пен кек санаңызға кіріп, жүрегіңізді жұтып жібермесін десеңіз, ештеңеге назар аудармай, алға қарай басуды үйреніңіз.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: facebook.com