Танымал голливудтық актер Уилл Смит (Will Smith) пен келіншегі Джада Пинкетт Смит (Jada Pinkett Smith) бір жасар Николайды бауырларына басқысы келеді.
Әріптестері Анджелина Джоли мен Мадоннаның бір ісінен үлгі алып, Уилл Смит пен Джада Молдовиядан Николай есімді бір жасар ұл баланы асырап алуда. "Өмірімізге тағы бір қуаныш орнайтынына өте қуаныштымыз. Біз Николаймен көп көрістік, ол - керемет бала. Біздің үйге көшіп барғанда, оның қуанатынына сенімдімін", – дейді келіншегі People-ге берген сұхбатында.
Смиттер отбасы Кишиневтегі балалар үйінде үш ай бұрын болып қайтқан. Сол жолы алғаш көрген сәттен-ақ, Николайды қатты жақсы көріп қалыпты. "Мен Николайды өз төсегінің үстінде көрдім және сол сәтте қатты таңырқадым. Оның көк көздері, ақ шашы, қоңырқай жүзі көзге жылы тиді. Мен артымда тұрған Джадаға қарадым да, "Сүйіктім, біздің іздегеніміз де – осы" дедім", – дейді Смит.
Актер балпанақтай балаға бар жағдайды жасайтындығын, бүкіл тілегін аяқасты етпейтіндігіне уәде берді. Қай мамандық болмасын, өз таңдауы өзінде екенін жасырмады – актер, биші, режисер...
Ерлі-зайыптылар қазіргі таңда асырап алуға қажетті құжаттарды рәсімдеуде. Егер бәрі ойдағыдай жүзеге асып жатса, онда Смиттер отбасы баланы бірнеше аптаның жүзінде үйлеріне алып кете алады.
Естеріңізде болса, Уилл мен Джаданың өз екі баласы бар – 12 жасар Уиллоу мен 14 жасар Джейден.
сурет:uxlux.net
Дайындаған: Фараби Арыстанбек