* Оноре де Бальзак
Оноре де Бальзак ұйқыға кешкі сағат 6-да жатып түннің жарымына дейін тынығады екен. Сосын таңғы сағат 8-ге дейін жұмыс жасап, тағы да 1,5 сағаттай көз шырымын алатын болған.
* Чарльз Дарвин
Чарльз Дарвин түннің жарымы болғанша көз ілмеген. Сонда да таңертең 7-де оянып, серуенге шығады. Серуендеп келген соң үстел басында жалғыз отырып таңғы асын ішеді. Кеш батқан соң сағат 9 шамасында аз ғана көз шырымын алып, қайта серуенге шыққан.
* Уинстон Черчилль
Уинстон Черчилль кеш жатып, ерте тұрған. Сондықтан да күндізгі ұйқыны жоғары бағалаған. Күндізгі ұйқысын әдетке айналдырғаны соншалық, оның парламент ғимаратының артқы жағында арнайы кереуеті болған. Тіпті Черчилль соғыс кезінде де күндізгі ұйқысына уақыт бөлген. Оның айтуынша, күндізгі ұйқыға уақыт бөлген адамның жауапкершілігі жоғары болады екен.
* Бенджамин Франклин
Бенджамин Франклин «Ерте тұрған еркектің ырысы артық» деген қағиданы сүйген. Ол таңғы сағат 4-те ұйқысынан оянып, кешкі 10-нан кешікпей ұйқыға кетуді әдетке айналдырған. Сонда Бенджамин Франклин күніне 6 сағат қана ұйықтайтын болған.
* Вольвганг Амадей Моцарт
Моцарт түннің ортасына дейін шығармашылықпен айналысып отырады. Таңертең сағат 6-да тұрып, тағы сүйікті ісімен шұғылданады. Ол жұмысты түске дейін ғана өндіртіп жасайтын көрінеді. Осылайша атақты Моцарт ұйқыға 5 сағат қана уақыт бөлген.
* Вольтер
Вольтер де Бальзак секілді кофе ішкенді ұнатқан. Білетіндердің айтуынша, ол осы ыстық сусыннан күніне 40 кесесін ішеді екен. Бірақ Бальзактан артықшылығы – тәулігіне 4 сағат ұйықтаған. Яғни Вольтер түннің жарымында жатып, таңғы сағат 4-те оянуға үйренген.
* Маргарет Тэтчер
«Темір әйел» тәулігіне 4-ақ сағат тынығады екен. Оның кейде 1,5-2 сағат уақытын ғана ұйқыға бөлетін кездері де болған. 4 сағаттық ұйқы Британ парламентінің эталонына айналған тұста келесі премьер-министр Джон Мейджорға бұл үрдіс қиын соқты. Өйткен ол тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтамау керек деп біледі.
* Томас Эдисон
Томас Эдисон демалуға келгенде уақытқа сараң адам болған. Сондықтан ол тәулігіне (арасына 3-4 сағат) салып 6 рет кезең-кезеңге бөліп ұйықтаған.
* Никола Тесла
Никола Тесла да ұйқышыл адам болмаған. Ол он тоғыз жасынан бері тәулігіне 2 сағат қана ұйықтаған. Нәтижесінде Тесла психикасы өзгеріске түсті. Бәрібір осы ұйқы тәртібіне үйренген ол 86 жыл өмір сүрді. Соның 38 жылы жұмысына арналған.
* Леонарда да Винчи
Леонарда да Винчи де ұйқыға келгенде өзгелерден ерекше тәртіпке үйренген. Ол тәулігіне әр төрт сағат сайын алты рет бөліп жиырма минуттан ғана ұйықтаған. Бұл ұйқы тәртібі uberman деп аталған. Сонымен да Винчи, шамамен есептегенде, 2-ақ сағат уақытын ұйықтауға бөлетін болған.
* Лев Толстой
Лев Толстойдың ойынша адам ұйықтағанда өз денесін өзі басқарудан қалады. Сондықтан көп ұйықтауға және көп жатуға болмайды деп білген. Өзі түннің жарымында ұйықтап, таңертең 9-да оянған.
* Зигмунд Фрейд
Зигмунд Фрейд тәулігіне 6 сағат ұйықтаған. Түнгі сағат 1-де ілінген көзі таңертең 7-де ашылады. Фрейд кокаин қолданған және шамадан тыс шылым шеккен. Өліміне де осы дерті себеп болды.
* Альберт Эйнштейн
Альберт Эйнштейн қандай жағдай болса да ұйқыға уақыт ұрлатуға қарсы болмаған. Сондықтан ол тәулігінің 10 сағатын ұйқымен өткізген.
Сурет: forwallpaper.com