2012 жылы 6 желтоқсанда Германия Гумбольдт қор қоғамының 2012-2013 жылдық “Германия премері грантын” тапсыру салтанаты Германияның Пекиндегі бас елшілігінде өткізілді.
Бұл жолғы Гумбольдт зерттеу сыйлығы иегерінің қатарында Қытайда тұратын қандасымыз, Күнес аудандық 1-орта мектебінің орынбасар мектеп бастығы Тұнық Тәліпұлы деген азаматымыз да бар. Ағалап алға шыққан азамат әлемге әйгілі осы оқу сыйлығына ие болған 9 жас маманмен бірге Германияның Қытайда тұратын бас елшісі Майкл Шепрдің қабылдауында болды.
Александр фон Гумбольдт қор қоғамының Гумбольдт сыйлығы - Гумбольдт зерттеу сыйлығы деп те аталады. Бұл осы қор арқылы әр елдегі ең беделді зерттеушілерге, ғалымдарға берілетін оқу сыйлығы. Сыйлық иегерінің алдағы оқуын қамтамасыз ету үшін жыл сайын 60 мың евро беріледі. Оларды Германияда өз мамандығына қатысты зерттеу тақырыбын үздік мамандардың жетекшілігінде орындап шығуға шарт-жағдай әзірлеп береді. Сонымен бірге оқу сыйлығына ие болғандар Германия президентінің қабылдауында болады. Әр сала қайраткерлерімен жолығып, осы елдің саяси-экономикалық жағдайымен терең танысуға мүмкіндік жасалады.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: xinhua.net