Бір ғасырлық тарихы бар аса беделді Time басылымының жыл сайын өз рейтингін ұсынып отыратыны баршаға мәлім. Бірақ биылғы "Жыл адамын" таңдау ерекше болып отыр. Себебі кімнің осы атаққа лайық екенін әлемдегі әр адам өзі шешкен еді. Сонымен, "Жыл адамы" атағына эко белсенді Грета Тунберг лайық деп танылды.
Кандидаттар қатарында сириялық күрдтер, футболист Мохаммед Салах, жазушы Маргарет Этвуд, актер Киану Ривз, Фиби-Уоллер Бридж, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский болды.
Дауыс бергісі келгендер әр кандидат суретіне "лайк" немесе "дислайк" қойып шығу мүмкіндігін алды. Жоғарыда аталған адамдар журнал ұжымы ұсынған кандидаттардың толық тізімі емес, оларға қоса Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, Гонконг белсенділері, "Тақтар ойынының" авторлары мен актерлері, әнші Тейлор Свифт, Меган Маркл, Ким Чен Ын, рэпер Карди Би мен Владимир Путин де болған. Ұзақ уақыт бойы осылардың ішінде Гонконг белсенділері озып тұрған еді. Бірақ нәтиже өзгерді.