«Титаник» фильміне ән жазған белгілі музыкант Джеймс өзінің жеке ұшағында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Nur.kz порталы.
Америкалық БАҚ деректеріне сүйенсек, бір моторлы S-312 Tucano ұшағы дүйсенбі таңертең Лос-Анджелестен солтүстік батысқа қарай 160 шақырым жерде Санта-Барбара қаласына жақын маңға құлаған. Ұшақ құлағаннан кейін бірден өртке оранған.
Алдын ала деректер бойынша композитор ұшақты өзі басқарған.
61 жастағы Джеймс Хорнер 100-ден аса көркем фильмге музыка жазған. Оның ішінде: «Храброе сердце», «Аполлон 13″, «Маска Зорро», «Аватар», т.б. «Титаник» фильміне ән жазғаны үшін Хорнер екі «Оскар» сыйлығын алған.