Тарихты өзгерткен арулар

Тарихты өзгерткен арулар
Фото: mentalfloss.com

Әйелдер қауымы о бастан-ақ нәзік жандылар санатына жатқызылып, оларға әрдайым ер азаматтар қорғаныш болуға жаратылған. Алайда ерік-жігерлерінің арқасында тарихи өзгерістер жасаған арулар жеткілікті. Бүгін біз алдынан шыққан қиындыққа төтеп беріп, кейбір заңдылықтың өзгеруіне себепші болған жандар туралы әңгімелейтін боламыз. 

Жанна Барре жер шарын толықтай айнылып шыққан ең бірінші әйел ретінде тарих бетінде қалды. Ер азаматтың киімін киіп, үлкен кеменің бортына тап болған сұлу француз оқымыстысының жұмысшысы болған. Араға бір жыл салып Париж қаласына келген Жанна Барре 3 000-нан астам өсімдіктің түрін мұражайға өткізеді. Соның арқасында өз корольдігінен өмір-бақи сыйақы ретінде зейнетақы алған.

Гарриет Табмен афроамерикалықтардың еркіндігі үшін күресіп өткен қайсар жан. Ол өзінің 13 жасында құлдықтан қашқан қара нәсілді адамды күзетшімен бірге ұрудан бас тартқаны үшін қатты жазаланады. Есейе келе азаматтық соғысқа тап болған бойжеткен медбике және тыңшы ретінде жұмыс жасайды. Сонымен қатар өзінің жазушылық қырымен де көпшілікке таныла бастайды. АҚШ-тың әлеуметтік реформасына араласып, тері түсімен бөліну мәселесін қозғайды. Осы еңбегінің арқасында мыңдаған жанға тәуелсіздіктің не екендігін ұқтырғандай болады.

Мария Склодовская-Кюри – әлемдегі ең мықты ғалым әйел. Ол алғаш өзінің жұбайымен бірге радий және полоний элементтерін ашады. Соның арқасында Париждегі Сорбонна ЖОО-ның ең бірінші әйел мұғалімі атанады. 

Элеонора Рузвельт әлемдегі ең мықты саясаткерлердің бірі болған. Элеонора өзінің жоғары лауазымына қарамастан әлеуметтік тақырыптарға мақалалар жазып жариялап тұрған. Сонымен қатар жұбайына саяси кеңестер де беріп отырған. Сонымен қатар адам құқығын қорғайтын БҰҰ-ны өзі ойлап шығарған. Адамдардың теңдікте және еркіндікте өмір сүруі Элеонораның басты мақсаты болған.

Грейс Хоппер адамның тілін түсінетін компьютер ойлап шығарған. Сонымен қатар математика пәнінен докторлық диссертацияны алғаш қорғап шыққан әйел. 37 жасында өз еркімен Әскери теңіз флотына жұмыс жасауға аттанған. Ол жерде "Марк І" деп аталатын гарвардтық компьютерге "наносекунд" атты құрылғы ойлап шығарған. Бүгінгі таңда оның есімін әскери ортадағы суперкомпьютер иеленіп отыр. Сондай-ақ жыл сайын ең үздік программист мамандарына арнайы сыйлық та беріліп тұрады.  

Тұмар ханша (Томирис) – массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Парсы патшасы Кирді ашық шайқаста тас-талқан етіп жеңіп, өз елін сақтап қалған. 

B. ZHAQSYMBET