Тарихта аты қалған ақылды әйелдер - 2

ХІХ ғасырда әйгілі профессорлар қыз балалардың ЖОО-да білім алуына қарсы болған. Қарсылықтарын «Білім алуға шамасы жетпейді» сынды сылтаудың астында бүркемелеген. Алайда әйел адамның білім алып, ғылымға араласуға күші жететіндігіне тарихтың өзі куә. 

Басы

Софья Ковалевская

Ресейлік математик, философия ғылымдарының докторы, әдебиетші Софья Ковалевская 1850 жылы дүниеге келген. Ол өмір сүрген кезеңде қыздарға білім алуға тыйым салғандықтан, шетелде білім алу үшін швед азаматымен некелескен. Геттинген университетінде білім алып, артынша Стокгольм университетінен дәріс оқуға шақырту алған. Софья Ковалевская Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі атанып, математика ғылымдарының профессоры дәрежесін иеленген.

Мария Кюри

1867 жылы көп балалы отбасында дүниеге келген. Мария Кюри ЖОО-да білім алу үшін әпкесімен кезектесіп жұмыс істеуге келіседі. Алдымен әпкесін оқуға түсіріп, кейін өзі Сорбонна университетінде білім алған. Физик Пьер Кюриге тұрмысқа шығып, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Зерттеу жұмыстары кезінде радийдің мүмкіндіктері мен оның медицинада қолданылуын қарастырған. Әйелдер арасында Нобель сыйлығының алғашқы лауреаты атанған. Физика және химия саласында екі Нобель сыйлығын алған. (Осы күнге дейін әртүрлі салада 44 әйел Нобель сыйлығын алған).

Мария Монтессори

1870 жылы Италияда дүниеге келген. Мария Монтессори - алғашқы профессор әйелдердің бірі. Ұстаздық етіп, ақыл-есі кем балаларға білім берудің ерекше әдісін ойлап тапқан. Өз елінде мектептер ашқан. Мария Монтессори қайтыс болған соң оның жұмысын баласы жалғастырған.

Юдит Полгар

15 жасында шахмат гроссмейстері атанған Юдит Полгар 1976 жылы Будапеште туылған. София, Жужия атты сіңлілерімен бірге үйде отырып білім алған. Жастайынан шахматтан ерлер арасындағы турнирге қатысып, Карпов, Каспаров сынды мықты шахматшыларды жеңген. «Вейк-ван-Зее» турнирінде екінші орынды иеленген. Аталған турнирде бірінші орынды үндістандық Вишванатан Ананд алған болатын.

Мэрилин вос Савант

Журналист, жазушы, бизнесмен Мэрилин вос Савант 1946 жылы АҚШ-та дүниеге келген. Жасанды жүректі ойлап тапқан Роберт Джарвиктің жары әрі «Джарвик Харт» компаниясының директоры. IQ-і ең жоғарғы адам ретінде Гиннесс рекордтар кітабына тіркелген.