ХІХ ғасырда әйгілі профессорлар қыз балалардың ЖОО-да білім алуына қарсы болған. Қарсылықтарын «Білім алуға шамасы жетпейді» сынды сылтаудың астында бүркемелеген. Алайда әйел адамның білім алып, ғылымға араласуға күші жететіндігіне тарихтың өзі куә.
Александриялық Гипатия
Ежелгі грек математигі, астроном, философ. Әйгілі ғалым Теон Александрийскийдің қызы Гипатия 355 жылы дүниеге келген. Ұяң мінезді қыз қатарластарынан асқан сұлулығымен ерекшеленген. Мұнымен қатар, көркі ақылына сай болған. Анатомиялық кестелерді есептеп, антикалық авторлардың трактаттарына сыни пікірлер жазған. 45 жасында философиялық тақырыптарда дәріс оқу үшін Александрия мектебіне шақырту алған. 60 жасында қайтыс болған.
Алхимик Клеопатра
Мысырлық химик айналмалы кубты ойлап тапқан. Гипатидің замандасы болған. Әйгілі патшайым Клеопатрамен аттастықтан өзге байланысы жоқ. Көптеген алхимиялық трактат жазып, ғалымдар мен мистиктер ұзақ уақыт бойы қолданған символиканы ойлап тапқан.
Салернолық Тротула
Әйелдер мен балалардың денсаулығына, ер адамның жыныс мүшесінің мәселелеріне қатысты медициналық трактаттар жазған. IX ғасырда өмір сүрген. Галеннің рецептісін, араб дәрігерлердің медициналық еңбектерін жинақтап, жүйелеп, қайта жасақтаған. Оның әйел мен балалардың денсаулығына қатысты еңбектері дәрігерлерге XV ғасырда жалғыз көмекші құрал болған.
Мария Куниц
Өз заманының ең ақылды тұлғасы. 1610 жылы Польшада дүниеге келген. Адвокатқа тұрмысқа шығып, қоғамдағы беделі артқан. Қиялынан жұлдызнама құрастырып, сурет салған, жеті тіл білген. Иоганн Кеплердің астрономиялық кестесін қайта құрастырған. XVII ғасырдың ең атақты астрономы болған.
Ада Лавлейс
Ағылшын математигі әрі әйгілі ақын Байронның жалғыз қызы. 1815 жылы дүниеге келген. Ағылшын математигі Август де Морганнан сабақтар алған. Білімін үйде отырып шыңдаған. Есейген шағында лорд Кингке тұрмысқа шығып, үш баланың анасы атанған. Аналитикалық машинаны ойлап тапқан Чарльз Бэббиджбен дос болған. Оның мақаласын итальян тілінен аударып отырып, Бернуллидің сандарды азайту алгоритімін суреттейтін компьютерлік бағдарламасына пікір жазған. Осыған орай, алғашқы компьютерлік бағдарламалау тілдерінің бірі «Ада» деп аталған.
Жалғасы бар...