Тарихи тұлғалар депрессиядан қалай арылған?

Тарихи тұлғалар депрессиядан қалай арылған?

Авраам Линкольн, Зигмунд Фрейд пен Франц Кафканы не байланыстырады? Олардың автобиографиясына сүйенсек, бұл тұлғалардың барлығы депрессияға түсіп, оны жеңіп шыққан.

1. Авраам Линкольн (1809-1865)

Биограф Джошуа Вольф Шенктің "Линкольн меланхолиясы" атты кітабында Линкольннің 26 және 31 жасында депрессияға түскені жазылған. Ол суицидтік ой айтып, достары мен жақындарының зәресін алған. Содан олар Линкольнге қарайласып жүрген.

"Мен қазір Жер бетіндегі ең бақытсыз адаммын", - деп жазған 32 жасында. Дегенмен ол депрессияға қарсы тұра білді. Депрессиядан шығу үшін көп әзілдеген, қалжыңдап, анекдот айтқан.

Биограф Шенктың айтуынша, әзіл, күлкі, көтеріңкі көңіл күй Линкольннің психикалық сылбырлығын жойған. Бұл оның көңілін аулап, адамдармен сөйлесуін жеңілдеткен.

Сонымен бірге Шенк Линкольннің депрессиядан шығуына поэзияға деген ықыласы ықпал еткен деп тұжырым жасады.

2. Джорджия О’Киф (1887-1986)

Суретші Джорджия О’Киф 46 жасында Нью-Йорк ауруханасына үрей, депрессия симптомдарымен жатқызылған. Ұйқыдан бас тартып, тамақ ішпей қойған. Бұл туралы оның биографтары Роксана Робинсон мен Хантер Дроходжовски-Флип жазды.

Оның жолдасымен қарым-қатынасының нашарлауы мен өнері құрдымға кетеді деген қорқыныш депрессиянға себеп болған.

Суретшіге депрессиядан шығуға саяхат көмектескен. Ол Бермуд аралдарына, Нью-Йорк штатындағы Лейк-Джордж қалашығына, Гавайи аралдарына саяхаттаған.

3. Зигмунд Фрейд (1856-1939)

"Ол бірнеше жыл бойы депрессияға түсіп, шаршаңқы, енжар жүрді", - деп жазады оның шәкірті Эрнест Джонс.

Фрейд алдымен кокаин көмегімен депрессиядан құтылғысы келді. 28-ге толған шағында былай деген екен: "Мен соңғы рет депрессияға түскенде кокаин қабылдап, оның кішкентай мөлшерінің өзі мені көкте қалықтатып жіберді". Дегенмен Фрейд кокаинді дер кезінде тоқтатты.

Жас кезінде Фрейд атақ пен даңқты жақсы көрді. Оған депрессиядан шығуға еңбегінің көпке танымал болуы көмектесті. Оның психоанализ, түс, жеңсіктік туралы еңбектері мойындала бастады.

4. Франц Кафка (1883-1924)

"Кафка өмір бойы клиникалық депрессияға, мазасыздануға душар болып өткен", - дейді жазушыны зерттеген Мауро Нерви. Оның бұл күйінен кейін әйелі тастап кеткен.

Кафканың жағдайы заңгер дипломына ие болып, сақтандыру компаниясына жұмысқа тұрғаннан кейін түзелген. Бұл жұмыс оның абсурд пен бюрократия сұмдықтары туралы жазған шығармаларына азық болды. Сөйтіп оның жазуға деген құлшынысы депрессиядан арылуға көмектескен. Сонымен бірге физикалық жаттығулар да маңызды антидот болған. Невридің айтуынша, Кафка жақсы жүзген, тауға жиі шыққан, атқа мінген.

5. Генерал Уильям Шерман (1820-1891)

АҚШ-тағы азамат соғысы алдында еріктілер әскерінің генералы Уильям Шерман Кентукки штатына жауапты болған. Шерман штаттың жағдайына пессимизмен қарады, басшыларға дефицитпен шағымданған, баспасөзде ол туралы жағымсыз мақалалар жариялана бастады.

Содан Шерман өзін қызметінен босатуын талап етті, бірақ басышылық оны еңбек демалысына жібереді. Үйіне оралған генерал меланхолияға душар болады. Кейін Шерман бұл уақытта өз-өзіне қол жұмсағысы келгенін айтқан екен.

Шерманға депрессиядан арылу үшін жақын туыстары көмектесіп, қолдаған. Одан кейін аяқ асты сыртқы фактор әсер етті.

Генерал қызметке оралып, Улисс Гранттың басшылығымен 1862 жылғы Шайло шайқасына қатысады. Мұнда ол әскерді біріктіріп, екі рет жараланып үлгереді. Осылайша одақ әскерінің қаһарманына айналады.

Шерман өзінің мемуарында былай жазған: "Шайло шайқасына дейін мені газетте есінен адасқан деп жазып келді. Кейін шайқас маған екінші өмір сыйлады, көңілім орнына түсті".

Сөйтіп ол депрессиядан жақындарының қолдауынан және өз жұмысын жақсы атқарғаннан кейін арылды.

Massaget.kz