- Негізгі бет
- Тұлға
- Танымал тұлғаларға қойылған...
Танымал тұлғаларға қойылған ыңғайсыз сұрақтар
Кеше әлемге аты жайылған танымал тұлғалар өтті өмірден. Олар бүгін де жоқ емес! Танымал болдым дей бер, ел назарына іліктім дей бер... Осының негізінде танымалдардың ізін бағып журналистер жүреді. Бұрын да, қазір де журналистер тарапынан қойылатын орынсыз әрі ыңғайсыз сұрақтар толастаған емес. Бүгін біз тек журналистердің ғана емес, қалжыңбас серіктерінің де ыңғайсыз сұрақтарына қағытып жауап берген тұлғалар жайында әңгіме қозғамақпыз.
Авраам Линкольн және Стивен Дуглас
Линкольн: Мен кездесуге кетіп барамын. Қайлай ойлайсыз, осы түріммен бара берейін бе?
(Содан кейін Дуглас оны дебат кезінде екі түрлі адам деп атапты)
Авраам Линкольн мен шетел елшісі
Елші: Мырза, сіз өз бәтеңкеңізді өзіңіз сүртесіз бе?
Авраам: Иә, ал сіз кімдікін сүртіп жүрсіз?
Фрэнк Заппа мен шоумен Джо Пайн
(Пайнның стилі өте кекесінді болатын. Оның себебі аяғының кесіп алып тасталғанында екен)
Пайн: Менің ойымша, сіздің ұзын шашыңызды көріп сізді қыз деп ойлауға болады.
Заппа: Ал мен сіздің ағаш аяғыңызды көріп сізді үстел деп ойлап қаламын.
Нью-Йорк мэрі Эд Кох пен репортер Эндрю Куртцман
(Репортер одан өзінің қарама-қайшылықты бір пікірін түсіндіре кетуін сұрапты)
Кох: Мен сізге оны түсіндіріп бере аламын, бірақ ұғындырып беруге шамам жоқ.
Эдна Фербер мен Ноэль Ковард
Ковард: Сіз еркек сияқты көрінесіз...
Эдна: Сіз де!
Махатма Ганди және батыс өркениеті
Репортер: Сіздің батыс өркениетіне деген көзқарасыңыз?
Ганди: Мен тек қана қолдаймын!
Илька Чейз бен белгісіз актриса
Актриса: Маған сіздің кітабыңыз өте ұнады! Оны сізге кім жазып берді?
Чейз: Сізге ұнағанына өте қуаныштымын! Ал оны сізге кім оқып берді?
Вольфганг Амадей Моцарт пен табынушы
Табынушы: Құрметті Моцарт, мен симфония жазуды ойлап жүр едім. Көмек бере аласыз ба, неден бастасам екен?
Моцарт: Симфония – музыканың өте күрделі түрі. Оны жазу үшін алдымен жай ғана бір бөліктен бастаңыз. Содан кейін оны симфония дәрежесіне жеткізу үшін біртіндеп өсіре беріңіз.
Табынушы: Бірақ сіз симфония жазуды 8 жасыңыздан бастадыңыз ғой...
Моцарт: Рас айтасыз, себебі мен ешқашан, ешкімнен сұраған емеспін.
Кельвин Кулидж бен Ақ үйде кезіккен белгісіз әйел
Әйел: Кулидж мырза, мен өзімнің бір танысыммен сіздің аузыңыздан екі сөзден де көп сөз шығара аламын деп бәстескен едім...
Кулидж: Сіз жеңілдіңіз!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер:rus.err.ee, epwr.ru, lastfm.ru, mixednews.ru, loveromantika.ru, biography.com, yaplakal.com, orpheusmusic.ru, wjmi.blogspot.com
А. Әбілхан