Адам болып жаратылған соң, ішіп-жеу және соның қамы үшін жасалатын әрекеттермен ғана шектеліп қана қоймай, ерекше нәрселермен әуестенген дұрыс. Осы белгілі бір затқа немесе іске қызығушылықты көпшіліктің арасында «хобби» деп атау кең етек алған. Ендеше бүгін біз сіздермен әлем тарихында есімдері ерекше аталатын тұлғалардың ерекше ермектерімен танысатын боламыз.
Атағы жер жарған
Наполеон Бонапарт қалайы солдаттардан және сағаттардан колекция жинаған.
Ал он сегізінші ғасырдағы француз кардиналы
Ришелье темекі тартатын
мүштектерді жинауға әуес болыпты. Егер ол біреуден өзгеше мүштек көрсе, қанша қымбат болса да, қаражатын жинап, сатып алып жүрген.
Ұлыбританияның көрнекті дипломаты
Уинстон Черчель ойыншық әскерлерді жинауды әдетке айналдырса, атақты канцлер
Бисмарк градусниктерді жинауды жөн көріпті.
Орыстардың бірінші коллекционері болып есептелетін
І Петр сирек кездесетін ақша, қару-жарақ түрлерін, түрлі медальдарды жинауға құмар болыпты. Бүгінде осындай жиналған бұйымдар реттеліп,
Кунсткамера атты мұражайға қойылған.
Алтын қолды суретші
Леонардо да Винчи түрлі тағамдар ойлап тауып, дәмі түл үйірер тәттілер дайындаудың шебері болған деседі. Атақты физик
Альберт Энштейн скрипкамен ерекше әуестенген.
Америка Құрама Штаттарының өткен ғасырдағы президенттерінің бірі
Рональд Рейган әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинауға құмар болса, оның әйелі Нэнси діни мерекелерде бір-біріне сыйлайтын алуан түсті жұмыртқаларды жинаған.
Химияның атасы, ғұлама
Дмитрий Менделеев бос уақытында чемодан жасаумен айналысқан. Және көптген танымал адамдар оған тапсырыс берген екен. Көршілері
Менделеевті атақты химик ретінде емес,
қолөнер шебері ретінде таныған. Біз білетін атақты Гете атамыз өзінің туған қаласы
Веймерде серуендеп жүріп,
шегіргүлдің ұрықтарын сеуіп жүргенді ұнатқан екен. Ол гүлдер бүгінгі дейін өсіп тұр және гүлдерді жергілікті тұрғындар
«Гетенің шегіргүлдері» деп атайды.
Ал қазақтың бір тума перзенттерінің бірі
Дінмұхаммед Қонаев оттықтан коллекция жинаған.
Есімі алашқа жайылған жазушы
Ғабит Мүсірепов алуан түрлі таяқтар жинап жүрген.
Ал сіздің сүйікті ісіңіз қандай?
Суреттер:1001fact.ru,mudrilka.ru,vzglyadzagran.ru,calend.ru,proza.info,dmk.kz,egemen.kz
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева