Әлемді сұлулығымен, дарынымен баурап алған танымал жұлдыздардың да жеке өмірлері бар және әрқайсысы өмірді өзінше түсініп, өзінше пайымдайды. Олардың сұхбаттарда өмір, махаббат, әйел мен еркек қарым-қатынасы жайлы айтқан сөздерінен кішігірім топтаманы назарларыңызға ұсынамыз.
«Адам жайлы алғашқы он секунд ішінде құрылған әсерімді өте сирек өзгертемін» — Маргарет Тэтчер
«Достарым менің алпыстан асқанымды есіме салғанда, өзім сенбей қаламын. Әлі он екі жаста сияқтымын. Бәлкім, мен сол балалық шақта қалып қойған шығармын және әлемге сондай көзқараспен қараймын. Маған әлі күнге дейін өмір сүру қызық. Мен әр күніме, өзіме әрдайым жаңалық ашып отыра алатыным үшін тағдырыма ризамын. Егер бойыңызда баланың жанын сақтап қала алсаңыз, онда өмірдің ең бақытты сәттері әлі алда...» — Софи Лорен
«Ең бастысы – киген киіміңде өзіңді жайлы сезіну. Сәнді, бірақ өзіңе жараспайтын киім кию арқылы өзіңді жоғалтып алуға болады» — Айшвария Рай
«Күйеуге шығу – бұл жердегі тозақтың бейнесі» — Шэрон Стоун
«Кішкентай кезімде, өзіңе назар аударту әдепсіздік деп үйретті және ешқашан өзіңді көрсетуге құмар болмау керек деді. Мен мұнымен өмір бойы ақша тауып келемін» — Одри Хепберн
«Өмірді қалай бар, солай қабылдаңыз. Қателестіңіз бе – жарайды! Мен өз ісімнен сабақ аламын, ешқашан өзімді жазғырмаймын, әрі қарай жүре беремін... Ең бастысы – үстімде тамаша көйлек, біз өкшелі туфли, ал бойымда – жиған тәжірибем!» — Ева Лонгория
«Балалар үшін ата-анасының ұрысын есту дұрыс емес деп ойлаймын. Менің шешімім – әрдайым ұрыс пен түсінбестік орын алған бір үйден, бақыт пен махаббатқа толы екі үйдің болғаны балам үшін дұрыс екеніне сенімдімін» — Кристина Агилера ажырасуы жайлы
«Мен ештеңеге өкінбеймін. Ешқашан өкінбедім. Өкінуден бірдеңе шығады деп ойламаймын. Өзіңді сөксең, өзіңнен ұялатын боласың. Ұялған адам торда отырғанмен тең» — Анджелина Джоли
«Ең алғаш ұшақпен ұшқан сәтім – өмірімдегі ең керемет сәтім. Менің отбасым өте кедей еді, сондықтан билет сатып алуға мүмкіндігім болмады» — Адриана Лима
«Аққұба болу – керемет: елдер сенен көп нәрсе күтпейді, сондықтан әсер ету де оңай» — Памела Андерсон
«Егер саған біреу жағымпазданып жатса, көп ұзамай соққы алатыныңа сенімді бол» — Людмила Гурченко
«Мен ешқашан дауласпаймын. Дау-жанжал – бұл өзіңнің дұрыс айтып тұрғаныңа күмәндану. Ал мен әрдайым дұрыс айтамын» — Барбара Брыльска
«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созуға атсалысыңыз. Біздің де бір күні көмекке зәру болуымыз мүмкін ғой» — Пинк
«Егер сіз махаббат пен мәнсап арасында таңдау жасай алмай жүрген болсаңыз, мәнсапты таңдаңыз, өйткені ол күндердің бір күнінде сізді сүймейтін болып шықпайды» — Леди Гага
«Әйелдер, әрине, ақылдырақ. Еркектің әдемі аяғы үшін басын жоғалтып алған әйелдерді көргенсіз бе?» – Фаина Раневская
«Шынымен ақылды адамдар бестік баға алмайды. Олар бағаның түкке қажеті жоқ екенін жақсы біледі» — Натали Портман
«Өмірімде біраз есерсоқтық жасадым. Бұл мені абай болуға үйретті: енді адамды бес жылдай танымай тұрмысқа шықпаспын. Біз бір-бірімізге лайық екенімізге, ол менің өміріме араласа алатындығына нақты көз жеткізуім керек» — Милла Йовович
«Өз киіміңізді өзіңіз үтіктесеңіз, танымалдылық сізге кері әсер ете алмайды» — Мерил Стрип
«Табысты болуымның формуласы жоқ. Менің ойымша, әрдайым шынайы болып, өтірік істемеу керек» — Наталия Орейро
«Сен жаңа піскен, дәмді, шырынды шабдалы болуың мүмкін, бірақ сонда да шабдалыны жек көретін адам табылады» — Дита фон Тиз
«Еркектер менен қорқады. Бұл менің бойымда тасыған энергиядан болар. Мен өзіме не керегін нақты білемін, ал бұл еркектерді жасытады, сондықтан маған қарай қадам жасауға қорқады» — Николь Шерзингер
Сурет: lady.tsn.ua, www.starslife.ru, ria.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина