- Негізгі бет
- Тұлға
- Табысты адамдардың денсаулыққа...
Табысты адамдардың денсаулыққа пайдалы әдеттері
Біз табысты болу үшін не істеу керектігін жақсы білеміз. Уақытты үнемдеуге көмектесетін түрлі тәсілді біліп, қай істің маңыздырақ екенін анықтаймыз. Ал демалыс күндері ше? Аристотель «Біздің болмысымыз – күнделікті әдеттеріміздің жиынтығы. Кемелділікке жету үшін бір ғана іспен айналысу жеткіліксіз, әдет қалыптастыра білуіміз қажет» дейді. Осыған орай, кезекті материалымызда назарларыңызға табысты адамдардың әдетін ұсынамыз. Олар жеңістің дәмін сезіндіріп қана қоймай, денсаулығымызды қалпына келтіруге септігін тигізеді.
Роберт Игер: Ерте тұру
«Дисней» компаниясының бас директоры Роберт таңертең сағат 4:30-да оянады. Басқа табысты адамдар да осылай жасайды. Олар жексенбі күні сағат түскі 2-ге дейін жатпайды. Тіпті 11-ге дейін де. Зерттеулер оянған соң адамның миы 2,5 сағаттан 4 сағатқа дейін өте жақсы жұмыс істейтіндігін дәлелдеді. Сондықтан демалыс күндері де ерте оянуға тырысыңыз. Сол кезде өзгелерге қарағанда өзіңідің әлдеқайда қуатты екеніңізді сезінесіз.
Бенджамин Франклин: Жоспарлау
Ол күнде таңертең өзінен «Бүгін қандай игі іс жасаймын?» деп сұрайды. Жоспар құрудың адам өмірі үшін маңызы зор екенін білу үшін президент болудың қажеті жоқ. Мұны табысты адамдар жақсы біледі және демалыс күндері де жоспар құрады.
Тимоти Феррис: Бір уақытта бір ғана іспен айналысу қажет
2000 жылдан бері бір уақытта бірнеше іспен айналысу сәнге айналып келеді. Мысалы, телефонмен сөйлесіп отырып, конспект жазу, музыка тыңдап жүріп жүгіру. Табысты адамдар мұның барлығының дұрыс нәтиже бермейтіндігін жақсы біледі. Бір тапсырманы мұқият қарап отырып орындайды. Феррис дұрыс нәтижеге қол жеткізу үшін күніне екі тапсырма орындауға кеңес береді.
Анна Винтур: Белсенді бол
Vogue журналының бас редакторы күнделікті бір сағатын теннис ойнауға арнайды. Өзге табысты адамдар да физикалық жаттығуларға уақыт бөліп отырады. Ричард Бренсон серфингпен айналысса, Инди марафондарға жиі атсалысады. Табысты адамдар ақыл-ой белсенділігімен қатар физикалық белсенділіктің маңызды екенін жақсы түсінеді.
Стив Джобс: Қай істің маңыздырақ екенін анықтай біл
«Әлем өзгеруі үшін құндылықтардың құнын жоғалтуы шарт емес». Демалыс - жан мен тәннің үйлесімділігін қалпына келтіріп, ұмыт болып бара жатқан маңызды дүниелерді еске алатын күн. Демалыс күндері жақын достарыңызға көңіл бөліп, ата-анаңызбен бір жерге қыдырып баруыңызға болады. Мұның барлығы сізді табысқа жеткізбесе де, өзіңізді жоғалтып алмауыңызға көмектеседі. Президенттің өзі отбасымен бір дастарханда отырып тамақ ішуді ұмытпайды.
Уоррен Баффет: Хобби
Ең табысты инвестор демалыс күндері гаваялық гитарада ойнайды. Табысты адамдар – ерекше жандар. Олардың қызуғышылықтары да ерекше болып келеді. Жұмыстағы әріптесіңмен гольф ойнап, көп мәселені ретке келтіре алатының анық. Алайда бос уақытыңызда Мерил Стрип секілді киім тоқып, Джордж Буш секілді сурет салсаңыз, бұған кім қарсы келмек? Хобби күйзелістен арылуға көмектесіп, креативтілігімізді арттырады.
Ал сіздің бойыңызда осы әдеттер бар ма?
Қ. Бүйенбай