Табысты адамдардың денсаулыққа пайдалы әдеттері - 2

Біз табысты болу үшін не істеу керектігін жақсы білеміз. Уақытты үнемдеуге көмектесетін түрлі тәсілді біліп, қай істің маңыздырақ екенін анықтаймыз. Ал демалыс күндері ше? Аристотель «Біздің болмысымыз – күнделікті әдеттеріміздің жиынтығы. Кемелділікке жету үшін бір ғана іспен айналысу жеткіліксіз, әдет қалыптастыра білуіміз қажет» дейді. Осыған орай, кезекті материалымызда назарларыңызға табысты адамдардың әдетін ұсынамыз. Олар жеңістің дәмін сезіндіріп қана қоймай, денсаулығымызды қалпына келтіруге септігін тигізеді. 

Басы

Рэнди Цукерберг: Ләззат ал

Барлығымыз да әлеуметтік желіде әр күнімізді қалай өткізгенімізді сипаттайтын суреттер салып, астына пікір жаздық. Достарымыздың лүпіл басып, пікір жазғанын күттік. Олардың демалысын қалай өткізгенін білгіміз келді.

Марк Цукербергтің әпкесі қажетсіз дүниелерден бас тартуға кеңес береді. Біз қайда жүрсек те, басқа бірнәрсені ойлап жүреміз. Іштей қатты алаңдаймыз. Табысты адамдар бәсекеге түсуге қабілетті, алайда олар бір жерде жүріп екінші бір нәрсені ойламайды. Бақыттың өзі табыстың көрсеткіші емес пе?

Билл Гейтс: Қорытындылау

Майкрософт компаниясының негізін салушы «Табыстың мерейі әрдайым үстем болады, бірақ сәтсіздіктерден міндетті түрде сабақ алып отыру қажет» дейді. Адам күнделікті кешке жақын күнін қорытындылауы қажет. Ал демалыс – өткен күнге оралып, әрбір іс-әрекетімізге баға беретін уақыт.

Ричард Бренсон: Сыйлай біл

Табысты адамдар Анна Франктың «Біреуге бірнәрсе берсеңіз, кем болмайсыз» деген сөзін жиі қолданады. Том Корли 5 жыл бойы бай адамдардың күнделікті әдеттерін бақылап, олардың кез келгенінің айына 5 сағат волонтерлікпен айналысатынын анықтаған. Көмекке зәру адамдарға көмектесу арқылы күйзелістен арылуға болады.

Джей Зи: Бір көзіңіз әрдайым ашық болсын

Ол – кәсіпкер әрі реп музыкашы. Оның «Сен табысқа жетуді армандауың мүмкін, алайда оған жету үшін өзіңе деген сенім керек. Жолдан таюға болмайды. Ұйықтауға болмайды. Бір көз әрдайым ашық болуы тиіс» деген өлең жолдарынан-ақ көп нәрсені байқауға болады. Ол 520 миллионды өз күшімен тапты. Егер, расымен де, болашақта шетелге саяхаттап, бақытты ғұмыр кешкіңіз келсе, осы сәттен бастап жатпай-тұрмай еңбектенгеніңіз жөн.

Құрметті оқырман, табысқа жету-жетпеу тек сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз! Іске сәт!