- Негізгі бет
- Тұлға
- Сыншыларды сүріндірген суретші...
Сыншыларды сүріндірген суретші маймыл
Өнер де сұлулық секілді адам көзінің жауын алып, жан-дүниесін жаулап алады. Мысалы, біреулер қарапайым маймылдың салған суреттерін француз суретшісі Пьер Брассоның туындыларымен шатастырған. Бұл суретші жайында естімеген боларсыздар. Естімеулеріңіздің де себебі бар. Бұл суретші өмірде болмаған.
Бірде шведтік журналиске жалған суретші Пьер Брассоның туындыларын маймылдың суреттерімен алмастыру туралы ой келеді. Осыған байланысты ұйымдастырылған көрме сәтті өтеді. Алайда суреттердің барлығын маймыл салған еді.
Журналистің мақсаты сыншылардың өзін сынау болатын. Оларға маймылдың салған суреттерін «Заманауи туындылар» деп таныстырады. Ойы жүзеге асады. Сыншылардың бірі "Брассо ұшы ұшталған бояу жаққыштарды пайдалана отырып, әрбір сызықты дәлдікпен жүргізеді екен. Көз алдыма бояу жаққыштың ары-бері қозғалып жатқандығын елестеттім. Брассоның суреттері балет бишілерінің биінен аумайды" деп баға берген. Шындықтың бетпердесі ашылған соң сыншылар ұялып, бұл картиналардың бәрібір де таңғажайып туынды екендігін айтқан. Нәтижесінде маймылдың салған картинасын жекеменшік коллекция жинаушылардың бірі 90 АҚШ долларына сатып алған.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: byaki.net
Қ. Бүйенбай