- Негізгі бет
- Тұлға
- Сұлулық, қарым-қатынас. Моника...
Сұлулық, қарым-қатынас. Моника Белуччидің қанатты сөздері
Сұлулық символына айналған Моника Беллучидің қанатты сөздерін назарға ұсынамыз.
"Әйел үшін сұлулық тек екі жағдайда ғана мәселеге айналады: ол болмаған кезде және сұлулықтан басқа ештеңе болмаған жағдайда".
"Ең бастысы — өзіңіздің қандай адам екеніңізді түсіну. Бұқаралық ақпарат құралдары сізден сурет жасап шығуға тырысады, бірақ суреттің артында адам болуы керек. Көптеген адам мені сұлулығыма байланысты ақымақ деп санайды. Бірақ іс жүзінде жағдай мәжбүрлегендіктен киетін бетпердем ғана".
"Сұлулық егер оны қолданып білсеңіз ғана күшке айналады. Бұл Ферраридің иесі болу сияқты. Егер көлік жүргізіп білмесеңіз, оның болғанынан пайда жоқ".
"Әдемі болу нені білдіреді? Бұның биологиямен байланысы жоқ: әйел болмысы — өмір мен тәжірибе көрінісі".
"Махаббат бір-біріне деген құрмет пен еркіндік болған кезде ғана өмір сүреді. Басқаны зат сияқты иеленуге деген ұмтылыс — абсурд".
"Әйел ешқашан кетпейтін сияқты ессіз жақсы көре алады. Бірақ бір күні мүлде сүймеген сияқты кетіп қалуы да мүмкін".
"Бізге ешкім тиесілі емес: күйеу де, балалар да. Біз жақсы көретін адамдармен бір нәрсені ғана бөлісе аламыз".
"Ер адамдар әйелдердің есебінен өзінің күштілігін сақтап қалуға тырысады. Олар тәуелсіз, саналы әйелдерден жасқанады. Олар жас, әлі тәжірибесіз қыздарды жақсы көреді. Өйткені олардың жанында ер адам әлдеқайда күшті болып көрінеді".
"Мен ешқашан арық болмаймын. Мен табиғатынан өте жалқаумын. Мен тамақтанғанды жақсы көремін. Бұл — шынайы мен. Және жалған образды сомдауға ниетім жоқ".
Т. Есқали