Мен мақсатым өте қарапайым. Мен әлемді түсінгім келеді, неге бұлай құрылған және қалай, біздің міндетіміз не соны ұққым келеді. Теңдеу математиканың іш пыстыратын бөлігі. Мен заттарға геометрия тұрғысынан қарағым келеді. Меніңше, компьютер вирустарына өмірдің бір формасы секілді қарау керек. Бұл адам табиғатынан сыр шертеді: дәл қазіргі сәтте біз құрап жатқан өмір формасы тек әлемді бүлдіру үшін жасалған. Білімнің басты жауы надандық емес, білім иллюзиясы. Өмір бар жерде, үміт бар. Егер мен белгілісіз бір аймаққа аттанғым келсе, оның жерде емес, ғарышта болатыны анық. Егер мен Билл Гейтс секілді болсам, ғарыш кемесін жалға алатын едім. Бұл бірнеше жүз миллоин доллар ғана тұрады. Ғылым мен зерттеу ақшаға қарағанда үлкен рахат сыйлайды. Менің арманым тек әуежайдағы дүңгіршектерде ғана сатылатын кітап жазу. Бірақ, ол үшін сыртқы мұқабасына жалаңаш әйелдің бейнесін қоюға мәжбүр болатын секілдімін. Біздің әлемде болашақтың туристері әлі болмағанын сенімді түрде айта аламын. Ғылыми фантастика пайдалы: ол адамның ойлау жүйесін дамытып, болашаққа деген қорқынышты жеңеді. Бірақ, ғылыми дәйектер одан да қызықтырақ. Ғылыми фантастикада ешкім қара құрдымның барын білген жоқ. Бірде біреу менің кітапқа жазатын әрбір теңдеуім сатылымды екі есе азайтатынын айтқан. Менің үлкен ұлым Роберт қана ғылымға қызығады. Ол бағдарламалау тілдерін меңгерген. Майкрософт компаниясында қызмет етеді. Ал, қызым Люси француз және орыс тілін меңгерген, ол журналист. Ал, кіші ұлым Тим қазір университте француз тілі мен испан тілін үйреніп жүр. Ал, немерем Уильям болса енді ғана сөйлеуді үйреніп жатыр. Бірақ, компьютер десе ішкен асын жерге қояды. Кейде тек берілмеу керек.