- Негізгі бет
- Тұлға
- Стив Джобстың соңғы...
Стив Джобстың соңғы сөзі
Кеше ғана елімізде ұлттық аза тұту күні жарияланып, бай да, кедей де баратын жері бір екенін ұғынып, жұрт терең ойға шомды. Миллиардер Стив Джобс 56 жасында рак ауруынан қаза тапты, қанша байлығы болса да, ажалды жеңе алмады. Ақтық сапарға аттанар алдында мына сөздерді жазып қалдырған екен. Ескі жылды дұрыс тұжырыммен аяқтап, жаңа жылды жақсы оймен қарсы алам десеңіз бір оқып шығыңыз.
«Мен іскерлік әлемде өз шыңымды бағындырдым, сырт көз менің өмірімді жетістіктің мәні секілді қабылдады.
Бірақ менің жұмыстан өзге де қуанар ісім көп болды. Түптеп келгенде, байлық – жай ғана менің бойым үйренген өмірдің бір фактісі.
Дәл қазір төсекке таңылып жатып өткен өмірімді көз алдымнан өткізсем, жанымды алмай қоймайтын ажалдың алдында байлығымның еш мәні жоқ екен.
Сіз көлігіңізді жүргізушіге тапсыруыңыз мүмкін, сіз үшін өзге біреу ақша табуы мүмкін, алайда ешкім сіздің ауруыңызды өзіне алып, сіздің орныңызға төсек тартып жата алмайды.
Материалдық құндылықтарды қашан да табуға, сатып алуға болады, бірақ тауып та, сатып та ала алмайтын бір нәрсе бар, ол – «сіздің өміріңіз».
Өзгелерді құрметтеп, өзіңізге еркіндік беріңіз.
Жас ұлғайған сайын ақыл тоқтатамыз, осылай жүре-жүре $30 тұратын сағат та, $300 тұратын сағат та бір уақытты көрсететінін түсінеміз.
$30 тұратын әмиян ұстасақ та, $300 тұратын әмиянымыз болса да, ішіндегі ақшаның саны бірдей болады.
150 000 доллардың көлігін мінсек те, 30 000 доллар тұратын көлік айдасақ та, межелі жерге бұйырған уақытында жетеміз.
300 шаршы метрді құрайтын жерде тұрсаң да, 3 000 шаршы метр жерде тұрсаң да, жалғыз болсаң бәрібір жалғызсың.
Ішкі әлеміңіздің бақыты бұл әлемнің материалдық заттарымен өлшенбейді.
Жоғары класс билетін алсаңыз да, эконом-класс билетімен ұшсаңыз да, ұшақ жерге құласа, сіз де бірге құлайсыз.
Жаныңызды түсінетін достарыңыз не жай ғана ашық әңгімелесе алатын таныстарыңыз болса, бақыт деген – сол.
Әлемдегі ең керемет алты дәрігер:
1. Күн көзі
2. Демалыс
3. Жаттығу
4. Дұрыс тамақтану
5. Өзіңе және
6. Достарыңа сенім арту
Өмірдің әр сатысында осыларды берік ұстанып, өмірдің ләззатын ұзақ сезініңіздер!»
@. @assel_assanova