Скарлетт Йоханссонның өкілдері голливудтық актрисаның француз журналисі Роман Дориакка атастырылып қойғанын хабарлауда.
Кездесіп жатқандарына бір жылдың жүзі болып қалыпты. Керемет қуаныш сәтіне орай күйеу қалыңдыққа бағалы сақина сыйлаған.
Скарлеттің ертеректе Райан Рейнольдс пен Шон Пенн, және де ірі бизнесмен Нейт Тейлорлармен қарым-қатынаста болғаны айтылады.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет:al-mashhad.com