Биікке өрмелеп, мақсатқа жету үшін адам көптеген өзіне жақын дүниені құрбандыққа шалуға мәжбүр болады. Алайда ұзақ уақыт өткеннен кейін сол кездегі өкінішке оралып жатады. Біз бүгін сіздерге голливудтық актер Сильвестр Сталлоненің өміріндегі ең сенімді серігі туралы әңгімелейміз.
Қазіргі уақытта Сталлоне 70-ті де бағындырып үлгерді. 26 жасында бойында күші тасып тұрған жігіт жалғыздықтан жапа шегеді. Күнделікті тамаққа ғана азын-аулақ қаражат тауып, қираған автобустың ішін паналайды. Сол уақытта Буткус есімді иті ғана оның жан серігіне айналады. Өзінің үйінен шықпай "Рокки" фильмінің сценарийін жазып, итімен ғана сөйлесетін болған. Қазіргі уақытта күніне 24 сағатты төбетпен өткізген кездерін еске алса, әлі күнге дейін жүрегі елжіреп кетеді.
"Буткус – менің ең жақын досым, менің тірегім болған" деп Сильвестр әрқашан есіне түскен кезінде айтып отырады. Бұл ит өзгелерден ерекше. Себебі бірге ойнап, қылықтарынан еш жалықпай және өзінің әзілдерін айтып отыратын сенімді серігіне айнала білген. Кейіннен ақшаның мүлде жоқтығынан актер Буткусты емес, өзін асырауға да тамақ таппай қалған. Сол себепті амалдың жоқтығынан оны 40 АҚШ долларына сатқан. Бірақ өзіне қайтадан кері сатып алатынына уәде берген. Арада жеті жыл өткеннен кейін Сильвестр Сталлоне өзінің жағдайын жасап, қалтасы қалыңдай бастаған уақытта әлгі Буткустың қожайынына барып қайтадан кері алатынын айтады. Бірақ әлгі адам бұл жігіттің актер екенін біліп, одан 15 000 АҚШ долларын талап етеді. Уәдеге берік жан оған да еш қарсыласпай бір тиынын қалдырмай санап беріп, итін өзіне қайтарып алады.
Қазіргі уақытта Сильвестр сол досының ең сенімді серігі болғанын әркез айтып жүреді. Одан кейін өзі де ит ұстамаған. Сонымен Буткус актердің өміріндегі ең жақсы көретін жаны болып қалмақ.