Ташкентте Шыңғыс Айтматовқа Өзбекстанның халық жазушысы атағын беруді ұсынды. Белгілі өзбек әдебиетшісі, Манас жырын өзбек тіліне аударушы және зерттеуші, Өзбекстан-Қырғызстан достық қоғамының атқарушы директоры Зухритдин Исамутинов бастамасымен жүзеге асырылғалы отырған ұсынысқа қатысты ол: Адамзаттың рухани мәдениетін, өзбек көркем әдебиетін дамытуға, сондай-ақ әлем халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшінШыңғыс Айтматовқа Өзбекстанның халық жазушысы атағын беру әділ болар еді, деді. Президент Шавкат Мирзиёев ұлы жазушы және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын Өзбекстанда атап өту туралықаулы қабылдаған болатын.