М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы, ҚР мәдениет қайраткері, Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Шынар Асқарова бұған дейін "Секер" фильмінде Ана (реж. С.Кұрманбаев), «Біржан салда» Жеңге (реж. Д.Жолжақсынов), «Құрдастарда» Әлия (реж. М.Кунарова) рөлдерін ойнап көрерменге танымал болды. Сондай-ақ, жақында ғана көрерменге жол тартқан "Әпке" атты отандық телесериалда басты кейіпкерлердің бірін сомдады.
– Шынар Мұқанқызы, әңгімемізді бірден "Әпке" сериалынан бастасақ... Спектакль "Әпке" мен сериалға айналған "Әпкенің" айырымашылғы бар ма?
– Әрине, айырмашылығы бар. Кеше ғана көрерменмен қауышқан «Әпке» сериалы сахналық қойылымнан әлдеқайда толығырақ дер едім. Бұрын театрда, спектакльде қарапайым әпкені, бір отбасы төңірегіндегі қысқаша өмірбаянын көргенбіз.
Ал бұл жердегі айырмашылық сол, сериалдағы өмірбаян спектакльге қарағанда кеңінен алынады. О бастан, яғни ата-анасының тірі кезінен басталады. Әпкенің отбасын тастап кеткен себебі де айқын көрінеді. Анасының бұл дүниеден қалай өткені, балалардың не үшін жалғыз қалғаны, бәрі сериалда жақсы суреттеледі. Міне, кеше ғана премьера өтті. Мен әріптестерімді, сериалға қатысқан актерларды және қосымша құрамда жұмыс жасаған азаматтар мен азаматшаларды құттықтағым келеді. "Әпке" Дулат Исабеков аға жазған дүниелердің ішіндегі шоқтығы биік дүние ғой. Мен бұл шығарманы мектеп қабырғасында жүргенде оқығанмын. Сол кезде ерекше әсер алған едім. Баламыз ғой ол кезде, "Әпкені" толық түсіне алмадым. Кейін театрдан "Әпкені" спекталь ретінде көріп, тағы бір өзгеше әсер алдым. Ал қазір теледидар арқылы толық нұсқасы көрсетіле бастады. Бұл да бір керемет табыс, отандық кинематографияның жетістігі. Ал мен үшін тіптен үлкен қуаныш болды. Негізі Исабековтың шығармашылығы менің кино актрисасы болуыма жол ашты. Себебі, осыдан 20 жыл бұрын Дулат ағаның "Намыс" повесі желісімен "Тауқымет" деген кино түсірілді. Ол кезде менің институтты тамамдап жатқан кезім, кинодағы бас кейіпкер Қыжымкүлді сомдау бұйырды. Міне, араға 20 жыл салып, осы "Әпке" сериалында ата-анасыз жетім қалған балалардың анасын ойнадым.
– Сериалдағы рөліңізге тәжірибелі актриса ретінде қандай өзгешелік жасай алдыңыз?
– Сериалдағы кішкентай Нәзила қызыңыздың рөлін кім сомдады?
– Бұл бір қызық жағдай болды. "Әпкедегі" Нәзиланы сомдайтын кішкентай қыз – өмірдегі туған қызым Динара Дайырова. Ол 3 жасынан бастап киноға түсіп жүрген еді. Бірақ "Әпкеге" кездейсоқ жолықты. Кастинг болғанда мен оны үйге жалғыз қалдыра алмай бірге алып барғанмын. Содан, қызымды қасыма алып, рөлімнің мәтінін жаттап отырдым. Кішкентай қыздың рөліне бала таппағандықтан, оның сөзін уақытша ассистент қыз айтатын болды. Бір кезде ол бізідң қасымызға келіп: "Мен сырттан оқып тұрғанша, сіз қызыңызбен бірге ойнаңызшы", - деді. Келістім де, 10 минуттай қызым екеуіміз сөздеріміз бойынша дайындалып, кішкентай көріністі жасап көрсеттік. Шынайы шыққан болуы керек. Біраз уақыт өткеннен кейін олар үйге телефон шалып, біздің "Әпке" сериалына таңдалғанымызды айтты. Сөйтіп ойда жоқта, қызымыз екеуміз де кастинг арқылы сериалға түсуге мүмкіндік алдық.
– Сахна мен телесериалда рөл сомдаудың айымашылғы бар ма?
– Әрине, айырмашылығы бар. Телесериалда үзік-үзік эпизодпен ғана ойнайсың. Бірақ онымен бірге үзіліп қалмауың керек. Экран сенің жағдайыңды 2 есе үлкен қылып көрсетіп тұрады ғой, бүкіл жан-дүниеңді, бет-әлпетіңді анық береді. Сондықтан үлкен жауапершілікті талап етеді. Ал театрдың өзгеше талабы бар. Театрда бастан аяқ сахнада боласың. Дауысыңды анық шығарып, ішкі жан-дүниеңді деміңмен жеткізіп, халыққа қойлымның негізгі идеясын барынша жеткізуге міндеттісің. Ал телесериалдарда сенің айғайлауыңның керегі жоқ. Жаныңда дыбыс ұлғайтқыш тұрады. Өзіңнің жан сырыңды экран арқылы сыбырлаған дауыспен-ақ жеткізуге болады. Театрда әрбір дыбыс маңызды болғандықтан, дауысыңа, тамағыңа, іс-әркетіңе ерекше күш түседі.
– Сынға қалай қарайсыз?
– Сіз баспасөзге көп шыға бермейсіз. Мүмкін, сондықтан да сынға ілікпей жүрген шығарсыз?
- Оның рас. Маған журналистер хабарласқанда өзімді ысырып қойып, басқалардан, үлкен актерларден алыңдар дейтімін. Бірақ кейін ойласам, бұным дұрыс емес екен. Жұрт тілшілерді іздеп жүреді екен ғой. Бұрын үлкендер берсін деп соларға қарай ығыстыра салатын едім. Жан-жағыма қарасам біз де біраз жасқа келіп, орта буынға айнала бастаппыз. Уақыттың адамға бағынбайды дегені осы шығар. Бірақ мен тоқтамаймын. Өнерде жетер биігім әлі алда деп ойлаймын.
– Мақсат-тілектеріңіз орындалсын дейміз. Ашық жарқын әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан: Жәнібек Ғалым
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
суреттер: Шынар Асқарованың жеке мұрағатынан