- Негізгі бет
- Тұлға
- Шығыстың ең сұлу...
Шығыстың ең сұлу аруларының арасында қазақ қызы бар
Әлемдік интернет-журналдарда құрылған тізімде қазақстандық супермодель Айгерім Қожахан да бар.
17 жасар Айгерімнің асқан асуы аз емес. Ол "Қазақстан аруы" байқауының ақтық мәресіне жетіп, Prima Vera модельдік агенттігінің моделі атанды. Өзі Евразиялық гуманитарлы институттың студенті. Оның сұлулығына сөз жетпейді. Тал бойында міні жоқ ару - табиғат сыйлаған ғажайып жаратылыс іспетті.
"Менің жасыл көзім әкеме тартқан. Ол инженер-электрик, ал анам - супервайзер. Ата-анам менің модельдік бизнесті таңдауыма еш кедергі болған емес. Олар мені керісінше, үнемі демеп, қолдап отырды. Сонда да мен оқуды бірінші орыннан түсірген емеспін. Маған киноға, бейнебаянға түсуге ұсыныстар түсуде. Соның ішінде "Бәйтерек" тобын атап айтуға болады. Мен әлемдік деңгейде карьерамды көтеруге сенемін. Бәрінің үмітін ақтауға тырысамын", - дейді жас сұлу.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер Айгерім Қожаханның vk.com-дағы жеке парақшасынан алынды
А. Әбілхан