Шоу-бизнес саласында жыл сайынғы дәстүрлі ең стильді арулардың рейтингісі жарық көрді. Сұлулардың стильдері мен сәндерін сарапқа салып, қорытындыны атақты американдық People басылымы жасап шығарды.
Басылым сарапшыларының пікірінше, осы жылғы ең стильді ару атына лайық актриса – Гвинет Пэлтроу. Рейтинг қорытындысын мақұлдап отырған көптеген басылымдар Гвинеттің нәзік те, сұлу қалпын бұзбай жүретін келбетіне тәнті екендігін айтады.
Ал осы тізімнің екінші орнына кім жайғасқан екен? Ең стильді арулардың қатарында Гвинеттен кейінгі орынды «Классикалық сұлулық» байқауының жеңімпазы Кембридждік герцогиня Кейт Миддлтон еншілеп отыр. Екі сұлудың алдын орауға бабы мен бағы шаппаған Эмма Стоун үшінші орынды қанағат тұтты.
People басылымының жүргізген рейтингісінің қорынтындысы бойынша, мына арулар ең стильді ханымдардың орындарына жайғасты:
1. Гвинет Пэлтроу
2. Кейт Миддлтон
3. Эмма Стоун
4. Кардашьяндар
5. Миранда Керр
6. Риз Уизерспун
7. Рианна
8. Джессика Альба
9. Диана Крюгер
10. Дженнифер Лоуренс
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: pandia.ru, hellomagazine.com, kinopoisk.ru, starslife.ru, vev.ru, epochtimes.com.ua, izumgoroda.ru,cosmo.ru, rnd-sale.ru