Жақында, Голливудта тағы бір жұлдызды той болатын сыңайлы. 2013 жылдың соңынан жұп болып кездесе бастаған актер Шон Пенн мен актриса Шарлиз Терон үйлену жайлы ойланып жүр, - деп хабарлайды The Showbiz Spy.
«Шарлиз ешқашан үйлену жайлы ойланбаған және тұрмысқа шыққысы келмейтін, бірақ өз ұлына деген Шонның махаббатын көріп, бұған дейін ұстанып келген пікірінен айнып жүр», - дейді өнерпаздардың танысы.
Журналистер Пеннің баланы қолына алып, маңдайынан сүйген әсерлі сәтін суретке түсіре алыпты. Бір күннен кейін болашақ отбасы супермаркеттен шығып бара жатқан жерінен көзге түскен. Кішкентай Джексон анасының жаңа досының арбасында отыруды жөн көріпті. Ол оған қызықты әңгіме айтып жатқандай көрінеді.
Дегенмен, Шон Пенн Теронның ұлының көңілінен шыға алса, актрисаның анасы қызының бұл таңдауын құп көрмеуде. БАҚ өкілдеріне берген сұбатында ол қызының тезірек ес жиып, Пеннмен айрылысуын қалайтынын айтқан.
Алайда, бұл ғашықтардың бірге болуына еш кедергі келтірмеген. Жұп қазір Шарлиз Теронның үйінде бірге тұрып жатыр. Және достарының айтуынша, Пенн адам танымастай өзгерген. Актер жас жігіттей құлпырып, жаңа өміріне дән риза екен.
Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы Шарлиз Терон эфиопиялық баланы асырап алған. Ал, Шон Пеннің актриса Робин Райттан екі туған баласы бар.
Сурет: vev.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина