- Негізгі бет
- Тұлға
- Сақалды Стив Джобс...
Сақалды Стив Джобс
Стив Джобс – Apple компаниясының іргетасын қалаушылардың бірі. Ол 2011 жылы 5 қазанда 56 жасында ұзақ мерзімді науқастан соң көз жұмды. Джобс – өз заманындағы ең әйгілі данышпандардың бірі.
Оның сақалы әлемді өзгертуге тырысқан Apple инновацияларының символы болды және бұл компания өз дегендеріне жетіп, әлемді өзгерте алды. TRS компаниясының қызметкері Стив Лейнинджер Джобс жұмыс істеген кездегі компания аурасын еске ала отырып былай деді: «Барлығы бір-біріне ұқсас болатын, бір түсті джинс, бірдей сақал. Бірақ олардан әлдебір ерекшелік байқалатын, мұнда қызмет ететіндердің барлығы жаңалық ашқысы келетін».
Стив Джобс тарихта жеңіл сақалы бар қара водолазкадағы Levi’s-тің көк джинспен және кроссовкадағы қарапайым түрінде қалады. Көпшілік үшін iBeard – бұл iPhone-ның кезекті қосымшасы емес, әлемді өзгерткісі келген сақалды жанның идеалы ретінде қалады. Стив Джобс біздерге: «Өз дегендеріңе жетіңдер. Алаңсыз болыңдар!» деп кеткен еді.
Ж. Жұмағұлов