Ертең, 11 мамыр күні сағат 11.00-де Алматыдағы Меломан Гранд кешенінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаеваға арналған әншінің портретті қуыршағын таныстыру мақсатында пресс-конференция өтеді. Қазақ жұлдызының қуыршақ бейнесін жасаушылар - AFD group (Мәскеу).
Шараға Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаевның өзі мен мәскеулік AFD group компаниясының дизайнерлері - Василий Барбье, Сергей Амельков қатысады.
Пресс-конференциядан соң әнші қолтаңба-сессия өткізбек.
AFD group компаниясының дизайнері Василий Барбье: "Бұл шығарылымның мәнісі мынада: Әр елдің өзіндік мақтанышына, жарқын жұлдызына айналып, көрерменнің көзайымы атанған әртістері бар. Солардың бірі - Роза Қуанышқызы Рымбаева да Қазақстанның символына айналып үлгерген.
Біз, AFD group компаниясының дизайнерлер осы уақытқа дейін көптеген танымал адамдардың Барби үлгісінде қуыршақтарын жасадық. Бүгінгі таңда бүкіл ел білетін Алла Пугачеваға, Эдита Пьехаға, Lady Gaga мен Madonna-ға және басқа да жұлдыздарға жасалған портертті қуыршақтардың авторы - біз.
Өткен жылы Алматыға жолымыз түсіп келген кезімізде кездейсоқ Роза Рымбаеваның "Мәңгі көктем" атты компакт-дискісін сатып алғанбыз. Оның өнеріне тәнті болғанымыз сонша, біз жасаған басқа да атақты жұлдыздардың қуыршақтарының қатарына Роза Қуанышқызының да портретті бейнесін қосып қоюды жөн санадық"
"Біз үшін бұл сыйлықты ғаламат дауыс иегеріне табыс ету де үлкен мәртебе", - дейді қуаршақты құрастырушылар.
Қуыршақтың әзірге жалғыз ғана көшірмесі бар. Әншінің бет-пішіні мен шаш үлгісін дизнайнерлар қолмен жасап шыққан.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: season.kz