- Негізгі бет
- Тұлға
- Рауль Капабланка мансабындағы...
Рауль Капабланка мансабындағы 5 елеулі қадам
Шахмат чемпиондары көп болмаған себепті ме әлде бұл кез келгеннің қолынан келе бермейтін кемел өнер болғандықтан ба, әйтеуір, олардың есімдерін екінің бірі біледі. Алайда толыққанды ақпарат оқып, бұл бағыттағы таным көкжиегін кеңейте бермейтіні шындық.
Бүгін сондай бірегей шахматшы Рауль Капабланканың туған күніне (1888 жылы 19 қараша) орай оның мансабындағы 5 елеулі қадам туралы ақпарат ұсынып отырмыз.
1. Ол шахматты әкесінің ойынына қарап отырып үйренген. Ла Кабанья капитанының ұлы ол кезде бар-жоғы 4 жасар еді. Ал, 13 жасында Куба чемпионы атағын жаулап алды.
2. Әлемнің ең мықты шахматшыларының бірі, АҚШ чемпионы Ф. Дж. Маршаллмен болған 1909 жылғы кездесу оған атақ-даңқ әкелді. Жас кубалық еш күмәнсіз жеңіске жеткен болатын.
3. Капабланканың еуропалық дебюті 1911 жылы өткен Халықаралық Сан-Себастьян (Испания) турнирінде болды. О кезде 1-ші орын алған екен.
4. Рауль 1916-1924 аралығында болған барлық кездесулерде жеңіске жеткен. Бір де бір ұтылыс болмаған. "Менің шахматтық мансабым" (1921) атты кітабы да осы аралықта жарық көрді.
5. Капа 1921 жылы Гаванада өткен Біріншілікте Ласкерді ұтып, шахматтан әлем чемпионы атанды.
Капабланка мінсіз ойыны мен ғарыштық жылдамдықпен ойлайтына байланысты "Шахмат автоматы" атанып кетті. Жалпы саны 603 партия өткізіп, оның 318-де жеңіске жеткен. 34 жеңіліс 6-ақ пайызды құрайды. "Гений" болмағанда кім?!
Есімі әлі ел аузынан түспейтін шахматшының партиялары филигранды шахмат баталияларының үлгісі боп қала бермек.
А. Оралқызы