Посткеңестік елдердің алғашқы басшылары

2022 жылы 27 наурызда Әзірбайжанның тұңғыш президенті Аяз Ниязи оглы Муталибов 84 жасында дүниеден озды. Бұл хабардың ерекшелігі, көпшілік Әзірбайжан президенті десе, Әлиевтерді ғана түсінеді, олардан бұрын ешкім президент болмағандай.

Аяз Муталибов. 1992 ж. ©РИА Новости / Юрий Абрамочкин

Аяз Муталибов заманы дүрбелең, қантөгіспен өтті, сол себепті ол елден кетуге мәжбүр болды. Жалпы, посткеңестік елдерде біраз уақыт билікте болған, бірақ таяу тарихта ізін қалдырмаған басқа да президенттер бар.

Тәжікстан

Тәжікстан президенті дегенде "ұлт көшбасшысы" (бұл Эмомали Рахмонның ресми лауазымдарының бірі) дегенді айтамыз. Дегенмен, "Бейбітшілік пен ұлттық ынтымақтың негізін салушы" Тәжікстанның бірінші емес, үшінші (кейбір бағалаулар бойынша бесінші) президенті.

Тәжікстанның тұңғыш президенті – Қаххор Махкамов. Бірақ ол бұл лауазымға отырғанда әлі одақ ыдырай қойған жоқ еді. Коммунистік партияның бұрынғы жетекшісі Қаххор Махкамов 1990 жылдың 30 қарашасынан 1991 жылдың 31 тамызына дейін президент қызметін атқарды.

Эмомали Рахмон және Қаххор Махкамов. © asiaplustj.info

Одан кейін президент міндетін Қадриддин Аслонов атқарды. Одан кейін Рахмон Нәбиев 13 күн президент болды, одан кейін Акбаршо Искандаров 55 күн тақта отырды және т.б.

Одан кейін Рахмон Нәбиев қызметке оралып, елді 7 ай басқарды. Дүрбелең мен азамат соғысы кезінде президент жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Мемлекетті 1992 жылғы 20 қарашасынан 1994 жылғы 16 қарашаға дейін Жоғарғы Кеңестің төрағасы басқарды және бұл қызметті Имомали Рахмонов атқарды. Содан кейін президенттік билік қалпына келтіріліп, жаңа тарих баршаға белгілі.

Қырғызстан

Асқар Ақаевты бәрі жақсы біледі. Өзі ғалым президент елден кетуге мәжбүр болды және қазір Мәскеуде тұрады. Жалпы, бұл көршілер президенттік алмасудың "рекордшылары" саналады және осы уақытқа дейін 8 адам (кейінгі 17 жылда 7 адам) елді басқарды. Көпшілік Асқар Ақаевты, Құрманбек Бакиевті, Роза Отынбаеваны, Алмазбек Атамбаевты, Сооронбай Жээнбековті, Садир Жапаровты біледі.

Асқар Ақаев

Дегенмен, Ишенбай Кадырбеков, Талант Мамытов сынды саясаткерлер де аз уақыт президент қызметін атқарды.

Өзбекстан

Бұл елдің президенттік тұрғысынан "бай тарихы" жоқ. 1989 жылы маусымда Өзбекстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Ислам Каримов сайланды.  1991 жылы тамызда Өзбекстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, ол елдің саяси жүйесін жетілдіру ісіне тікелей басшылық жасап, нақты шараларды жүзеге асырды. 1995 жылы 26 наурызда Бүкілхалықтық референдум шешімімен Каримовтың президенттік уәкілдігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 2000 жылы өткен бүкілхалықтық сайлауда ол Өзбекстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

© mzk1.ru

2016 жылы президент лауызымын атқара отырып өмірден өтті. Оның орнына қазіргі президен Шавкат Мирзиёев отырды.

Түрікменстан

Бұл күндері елде үшінші президент қызметке кірісті. Біреуі қайтыс болды, екіншісі жаңа сайлауға шақырып, "жастарға мүмкіндік беру керек" деді. Деді де орнын ұлына босатып берді.

Түркіменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов елді бұрынғы Кеңес Одағы тарағанға дейін басқарды. Ол да басқалар сияқты тәуелсіздікке асықпады. 1991 жылы 27 қазанда Түркіменстанның Тәуелсіздік күні және Ниязовтың ресми президенттік қызметке кіріскен уақыты.

Түрікменстан "арқадағы" Гурбангулы Бердімұхамедов  © azattyk

1999 жылдан бері өмір бойы президенттікте отырған Түркіменстан басшысы шынымен де өмірінің соңына дейін, яғни 2006 жылдың 21 желтоқсанында билікте отырды. Одан кейін елге белгілі Гурбангулы Бердімұхамедов 15 жыл билік жүргізсе, оның ұлы Сердар Бердімұхамедов бұл қызметке енді кірісті.

Беларусь

Александр Лукашенко – ел тарихындағы тұңғыш және жалғыз президент. Ол Беларусьті 28 жыл басқарды. Өйткені, 1994 жылға дейін республикада президенттік қызмет болмаған, ал Лукашенко оппозицияда еді. Мемлекетті Жоғарғы Кеңестің төрағасы басқарады, 1990 жылдардың басында бұл қызметті Станислав Шушкевич атқарды.

Станислав Шушкевич © belsat.eu

Шушкевич КСРО-ның ыдырауын ресми түрде білдірген Беловеж келісіміне қол қою арқылы тарихта қалды. 1994 жылы 23 маусымда өткен сайлаудың бірінші турында алты адам "тақ үшін күрескен". 44,82 пайыз дауыс жинаған Лукашенко 10 шілдеде өткен келесі турда 80,34 пайыз жинады. Бір қызығы, Лукашенко президент болып сайланбай тұрып-ақ "Городец" кеңшарының директоры қызметінен кеткен емес. Яғни, совхоз дирекциясынан мемлекеттік басқаруға ресми түрде ауысты.

2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдардағы келесі бес сайлауда нәтиже айтарлықтай өзгерген жоқ. Наразылықтар күшейді, әсіресе, 2020 жылы саулауда мыңдаған адамдар митинге шығып, жағдай өте қиындады. Соған қарамастан Лукашенко ел тізгінін ұстап келеді.

Украина

Бұл мемлекеттің президенттік тарихта алатын орны ерекше. Өйткені сайлауы қай кезде де қызу, ымырасыз және қақтығыстарға толы Украина бүгінде дүние жүзінің назарында. Билікке "әртістің" келуі де көпшілік үшін табиғи емес сияқты. Бірақ ол қиын күнде ел қасынан табыла біліп, халықтың сүйікті басшысына айнала білді.

Леонид Кравчук © interesnyefakty

Тәуелсіз Украинаны осы уақытқа дейін алты президент басқарды:

1. Леонид Кравчук (1991-1994 жж)

2. Леонид Кучма (1994—2004);

3. Виктор Ющенко (2005—2010);

4. Виктор Янукович (2010-2014, президенттіктен қашып кеткен);

5. Петр Порошенко (2014—2019);

6. Владимир Зеленский (2019 жылдан бастап).

Молдова

Қазір елді посткеңестік елдегі жалғыз әйел президент Майя Санду басқарады. Оған дейін 1990-2020 жылдар аралығында Мирча Снегур, Петр Лучинский, Владимир Воронин, Николай Тимофти, Игорь Додон сынды президенттер басқарған.

Мирча Снегур. © Сергей СЕДЛЕЦКИЙ

Мирча Снегур 1990 жылы президент болды, сол уақытта ел өз тәуелсіздігін жариялады. Ол бұл қызметті 1997 жылға дейін атқарды.

Грузия

Ел қазір парламенттік басқаруда және Саломе Зурабишвили символикалық президенттік қызмет атқарғанымен, бұрын Грузияның президенттігі көптеген қайшылықтардың ортасында және әрқашан қоғамның назарында болды. Атап айтқанда, Михаил Саакашвилидің 2004-2013 жылдар аралығындағы кезеңі ауқымды реформалар мен үлкен өзгерістермен ерекшеленеді. Көпшілік Эдуард Шеварднадзені Грузияның Саакашвилиден бұрынғы бірінші және алғашқы президенті ретінде біледі. Алайда, Шеварднадзе ресми түрде 1995 жылы ғана президент қызметіне кірісіп, 2000 жылы қайта сайланды және 2004 жылғы "Раушан төңкерісінен" кейін отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Звиад Гамсахурдиа.  © ihahr.org

Грузияның алғашқы президенті Звиад Гамсахурдиа атанды. Бұл кезеңде Грузия тәуелсіздік алып, алғаш рет президенттік лауазым жарияланды. Бірақ 1992 жылы төңкеріс болып, Гамсахурдиа белгісіз жағдайда өмірден өтеді. Осы кезде Эдуард Шеварднадзе билікке келгенімен, ол тек қана Республикалық кеңестің төрағасы қызметін атқарды, бұл лауазым 1995 жылға дейін бос болды.

Армения

2018 жылға дейін Армения толық президенттік басқаруда болды және мемлекет басшысы қызметін 3 адам атқарды. Левон Тер-Петросян 1991-1998, Роберт Кочарян 1998-2008 және Серж Саркисян 2008-2018 жылдары екі мерзімге дейін президент болған.

2018 жылы әкімшілік парламенттік республикаға айналды, Саргсянның өзі премьер-министр болуға ұмтылды, бірақ революция болып, билікке Никол Пашинян келді.

Левон Тер-Петросян. ©aravot-ru.am

Саргсяннан кейін президенттікке келген Армен Саркисян елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алмайтынына наразы болып, 2022 жылдың ақпанында отставкаға кеткен. Оның орнына бірден-бір үміткер жоғары технологиялы индустрия министрі Ваагн Хачатурян болды, ол президенттікке ешқандай талассыз келді.

Қазақстан

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол 1990 жылдың 24 сәуірі мен 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан Республикасының президенті, 1991, 1999, 2005, 2011, 2015 жылдары өткен сайлауда президент сайланды. Қазақстан Республикасы президенті лауазымынан кеткеннен кейін Қазақстан Қауіпсіздігі кеңесінің төрағасы және "Нұр Отан" партиясының төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Конституциялық кеңесінің мүшесі лауазымы 2022 жылға дейін сақталды. Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы (1995–2021). 2007 жылдан бастап – "Нұр Отан" партиясының төрағасы болды.

© inform.kz

1989 жылдың 22 маусымы (Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы ретінде) мен 2019 жылдың 19 наурызы аралығында Қазақстан көшбасшысы атанды.

2019 жылы 19 наурызда өз қалауымен президенттік лауазымнан бас тартты. Оның орнына қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев отырды.

Латвия, Литва және Эстония сияқты Балтық жағалауы елдері еуропалық сайлау мен парламенттік басқаруға көшіп үлгерген. Әлемдегі жер көлемі жағынан ең үлкен мемлекет Ресейдің тарихы бөлек тақырып.