"Playboy"-дың басшысы 26 жастағы фотомодель Кристалл Харриске үйленбекші

"Playboy"-дың басшысы 26 жастағы фотомодель Кристалл Харриске үйленбекші

"Playboy" журналының негізін қалаушы 86 жастағы Хью Хефнер мен 26 жастағы фотомодель Кристалл Харрис осы жылдың соңғы күні, яғни 31 желтоқсанда заңды некеге тұрмақ. Осы туралы TMZ ақпарат таратып отыр.

Айта отырсақ, осыдан бұрын Харрис Хефнерге тұрмысқа шығудан бас тартып, қашқақтап келген болатын. Мәселен, 2011 жылы жаңа жылға бес күн қалғанда Харрис "Playboy" журналының негізін қалаушымен арадағы некеге тұру рәсімін аяқ асты еткен-ді. Әрине, сол уақытта той "Playboy Mansion" - оңаша үйінде өтеді деп 300-ге жуық қонақ шақырылған еді.

Араға бір жылды салып барып екеуі қайтадан ымыраға келіп, бір үйде бірге тұра бастапты. Содан қайтадан үйлену тойын өткізуге бел шешкен.

Анықталғандай, Хефнер мен Харрис үйленуге рұқсат та алып қойыпты. Және неке қию күні тағы да сол "Playboy Mansion" - оңаша үйінде өтетін болады. Бұрынғыдай 300-ге жуық қонақ шақырылмаса да, жақын жора-жолдастар мен ағайын-туыстардың бәрі шақырылып отырған сыңайлы.

сурет:vesti.az

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига