Белгілі жазушының өмірі жайында фильм Испанияла түсірілген. Лента «Пилигрим: Паоло Коэльоның үздік әңгімесі» («Пилигрим: Лучшая история Паоло Коэльо») деп аталыпты. Латын америкалық жазушы жайында фильмді 2014 жылы көре аласыз.
Фильм продюсері ретінде сөз сөйлеген Иона де Маседо фильм жайында былай толғанады: «Бұл фильм арманы зор адам жайлы, арманы өз үйінен үлкен таңғажайыптар еліндегі Алиса секілді». Фильм сценарисі Каролина Качо (Carolina Kotscho) картина сюжетін Колэльомен болған әңгімелердің желісінде жазып шыққан екен. Жазушы фильмде жас кезінде де, егде тартқан шағында да көрінеді.
«Бұл картинаның өндірушісі ретінде Бразилия және Испания елдерінің студиялары атсалысқан. Сондықтан да фильмнің түсірілімдері екі бірдей елде түсірілді, алғашқы кезде Рио-де-Жанейрода, кейін Сантьяго-де-Компостела қаласында»,-деп жазады Lenta.ru.
Пауло Коэльо – бразилиялық жазушы әрі ақын. Оның 16 кітаптан тұратыны романдары бар. Әлемге оның аты «Алхимик» шығармасынан кейін өркен жайды.
Библиография
«Ғибадат ету» немесе «Сиқыршы күнделігі» («Паломничество» или «Дневник мага») «Алхимик» «Брида» «Валькирии» «Мактуб» «Рио-Пьедра жағалауына отырдым да жылап жібердім» («На берегу Рио-Пьедра села я и заплакала») «Бесінші тау» («Пятая гора») «Жарық жауынгерінің кітабы» («Книга воина света») «Вероника өлімге бел буады» («Вероника решает умереть») «Ібіліс пен сеньорита Прим» («Дьявол и сеньорита Прим») «Әкелер, балалар және аталар» («Отцы, сыновья и деды») «Заир» «Портобеллолық мыстан» («Ведьма из Портобелло») «Жеңімпаз жалғыз қалады» («Победитель остаётся один») «Алеф» «Аккодан табылған манускрипт» («Манускрипт, найденный в Акко») «Өзенге ұқсас» («Подобно реке») «Махаббат. Таңдамалы пікірлер» («Любовь. Избранные высказывания»)Пауло Коэльо – 1947 жылы Рио-де-Жанейрода бақуатты отбасыда дүниеге келген. Әке-шешесі оның әдебиетке деген қызығушылығын құп көрмеген екен. «Бала кезінде оны психиатрлық емханаға берген кезінде ол бірнеше мәрте қашып кеткен» дейді кинемотографистер.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: lenta.ru